+2 дауыс
2.8k көрілді
Акционер болу қиын ба, оңай ма? Бағалы қағаздар сатып алу ушiн кем дегенде қанша қаржың болу керек? Акционер болып байып кетуге бола ма?
+1 Көркем.
Белгісіз

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Көркем! Аз ақша салыпта акционер бола аласың. Бірақ та аз ақшадан аз пайда түседі. Сол себепті көп ақша салу керек. Қазір халықтық Айпиода тек бір ғана компания акцияларын шығарды. Ендігі акцияға шығатын компания КЕГОК . Бағалары жайлы мына мәліметте түсінікті етіп жаза кеткен:

« Халықтық IPO» Бағдарламасы -  бұл Қазақстан азаматтарына өзінше инвестициялар
Бұл капиталды көбейтудің жаңа қаржылық құралы. Құралдардың әртүрлілігі өз қаржы жоспарларын іске асыру үшін көбірек мүмкіндіктер береді.

Мысалы, қазіргі кезде халық жинақтарының үлкен бөлігі банктік депозиттерде сақталады. Депозиттер ақшаларды жақсы сақтайды, бірақ оның айтарлықтай көбейтілетіні туралы айтуға да тұрмайды. Акциялар неғұрлым жоғары тәуекелдерге байланысты, бірақ сонымен қатар олар неғұрлым жоғары пайда түсіруді қамтамасыз етуі мүмкін. Мысалы, депозиттер бойынша ең жоғары ставка шамамен 8-9% тең, ал акциялар құны туралы айтатын болсақ, «ENRC» АҚ акцияларының құны 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде 384% өсті. Яғни бірінші жағдайда әрбір салынған 1000 теңгеге біз 80-90 теңге аламыз, ал екінші жағдайда – 2840 теңге аламыз. Мысалы, ENRC шынымен нақты, сіз қор биржасының сайтынан (www.kase.kz) алынатын статистикамен таныса отырып бұған көз жеткізе аласыз. Алайда, акциялардың ықтимал жоғары табыстылығының кері жағы да бар – тәуекелдер. Мысалы, «КАМАЗ» ААҚ акцияларының бағасы 2011 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезеңде 46% төмендеп кетті.
Осы екі мысал – қор нарығы оқиғаларының алуан түрлілігін құрайтын жеке жағдайлар. Оның ерекшелігі осы алуан түрлілікте. Сіз, бейнелі түрде айтқанда, балықты тұнық суда, тыныш айлақта аулай аласыз және бұл ретте шамалы, бірақ тұрақты түсіммен қанағаттанасыз, сондай-ақ үлкен табысты іздей отырып, залалдарға тап болу тәуекеліне бел байлап, ашық теңізге де шыға аласыз. Таңдау – бұл әр адамның жеке ісі және оның болғаны да жақсы. Атап айтқанда таңдауды қор нарығы ұсынады, ал «Халықтық IPO» - қор нарығымен танысу үшін жақсы бастама.  

 

Акционер болу былайынша жеңіл жұмыс болып көрінеді. Бірақ олда ауыр жұмыстардың бірі! Тұнып тұрған тәуекел! Акционер болып байып кетуге болады. Егер қомақты қаражат салынған болса. Жыл сайын дивидент төлейді. Мен білсем қазіргі мұнай компанияларының акционерлері аз дивидент алмайды.Мысалға:  бұрындары біздің Қызылордада "Торғай Петролеум" құрылғанда 2000 жылдар болу керек меніңше акция сатыпты. Сол кезде ол акцияны үйлегілер арзан ақшаға алған . Кейіннен ол компаниядан хабар болмай кеткен екен. 10-11 жыл өткенде сол компания мұнайдан түскен табысын акционерлермен бөлісіп, акционерлерді тосыннан бір қуантқан қаржымен. Сол сияқты компанияның өнімділігіне қарауды. Бірақ ойланып шешуге тиісті жұмыс бұл. Нар тәуекел деу керек...
Ақпарат ушiн рахмет Жахар. Керемет малiметтер бердiң.
Ақпарат ушiн рахмет Жахар. Керемет мәлiметтер бердiң.
+2 дауыс
Қыркүйек айынан бастап «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген Қазақстан азаматтарының өтініштері қабылдана бастайды. Егер сіз осы бағдарламаға қатысып, акционер атанғыңыз келсе, брокерлік компаниялар арқылы құжаттарыңызды рәсімдей аласыз.

… Өткен аптада Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ — «Халықтық ІРО» бағдарламасының қатысушысы» атты шара өтті. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Қазақстан баспасөз клубының қолдауымен өткізілген семинарға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің директоры Ержан Тұтқышев, «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының даму жөніндегі орынбасары Болат Зәкіров, «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқарушы директоры Андрей Цалюк, «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ Басқарушы директоры Дәурен Тасмағамбетов, Қазақстан баспасөз клубының президенті Әсел Қарауловалар қатысты.

Шара спикерлері «Халықтық ІРО» бағдарламасының іске асырылу барысы, осы бағытта жасалған һәм алда жасалатын жұмыстар жөнінде, бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы, брокерлік қызмет көрсетудің ерекшеліктері, эмитент-компаниялардың қор нарығындағы жұмысы, аталған бағдарламаның алғашқы қатысушысы «ҚазТрансОйл» АҚ қызметі туралы әңгімеледі. Мархабат…

Ақтөбеліктер белсенді

Ержан Тұтқышев,

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің директоры:

— Бағдарламаның негізгі жүзеге асырушысы — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Аталған акционерлік қоғам бұрын-соңды мұндай бағдарламаны жүзеге асырып көрмегендіктен, яғни бұл салада тәжірибесі болмағандықтан, әлем бойынша ІРО бағдарламасына қатысты тәжірибесі бар халықаралық қаржы және басқа да кеңесшілерді тартты. Халықаралық кеңешілермен бірге бірнеше жұмысты атқардық:

Әлемдік тәжірибені сараптадық. Еліміздің бұл бағдарламаны жүзеге асыруға дайындығын, заңнама жайын, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын, акцияларды инвестициялауға дайындығын, құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, қор рыногына шығатын компаниялардың дайындығын сараптадық.

«Халықтық ІРО» бағдарламасы тұрғындарға еліміздің ірі компанияларының акцияларына иелік етуге, қазақстандық құнды қағаздар нарығының одан әрі дамуына, ұлттық компанияларда жариялылық пен корпоративті басқаруды дамытуға, болашағы бар инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында қосымша қаржыландыру көзін табуға мүмкіндік береді. Бұның барлығы, сайып келгенде, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізеді. Сондықтан үкімет тарапынан бұл бағдарламаны жүзеге асыруға үлкен көңіл бөлініп отыр.

Бүгінгі күні қандай шаруалар істелді? Алдымен қор нарығына шығатын үміткер компаниялар іріктелді. 400-ден астам компанияға қатысты сараптама жүргізіліп, 9-ы ғана іріктелді, олар мыналар — «ҚазТрансОйл», «КЕГОК», «ЭйрАстана», «ҚазТрансГаз», «Самрұқ-Энерго», «Қазақстан Темір жолы», «Қазтеміртранс», «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром» акционерлік қоғамдары. Бұл тізімде бірінші болып  «ҚазТрансОйл» АҚ тұр, қор нарығына алғашқы болып шығатын осы компания. Көрсетілген компаниялар өз акцияларын қор биржасына орналастыруға былтырдан бері дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл процесс кейбір компанияларда 1 жылдан 3 жылға дейін жалғасады. Дайындық жөнінен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның көрсеткіштері жақсы, бұл компания барлық талаптарға жауап беріп, өз акцияларын қор биржасына шығаруға бір жылдың ішінде толық дайындалып шықты.

Сонымен бірге кейбір заңдарға өзгерістер енгізілді, ақпараттық-түсіндіру шаралары,  тарифтік реттеуді жетілдіруге бағытталған нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Азаматтардың бұл бағдарламаға қатысу арқылы тәуекелге бел буатыны жасырын емес, өйткені акцияны инвестициялауға қатысты бағдарламалардың барлығы тәуекелге байланысты болады. Бұл жағдайда тәуекелді мүлде жойып жіберу мүмкін емес, оны тек азайтуға ғана болады. Азайтудың тәсілдерінің бірі — компания жөнінде, оның жұмысына қатысты толық ақпарат беру. Әлем елдерінде жүргізілген осы секілді бағдарламаның қателіктерінің бірі — барлық компанияның акцияларын бірден шығару. Ал дұрысында акцияларды бірте-бірте орналастыру қажет. Сол кезде ғана тұрғындар бір компанияның акцияларын сатып алып, кейінгілеріне қатысу-қатыспауын байыппен шешетін болады. Баға мәселесін де содан кейін бір жүйеге келтіруге болады.

Сонымен бірге корпоративті басқаруды жоғары стандарттарға сәйкестендіру, компанияларды іріктеу жүргізілді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тәуекелі жоғары компаниялардың акцияларын орналастыру тиімсіз, сондықтан бұл бағдарламаға акциялары сыртқы әсерлерден, нарықтың қаржылық жағдайына тәуелсіз компаниялар іріктелді.

«Халықтық ІРО» бағдарламасының классикалық жекешелендіруден қандай айырмашылығы бар?  Ел қаржылық қиындыққа душар болғанда, бюджетті толтыру және әлеуметтік міндеттемелерді орындау мақсатында классикалық жекешелендіру жүргізіледі. Ал қазіргі «Халықтық ІРО» жағдайында олай емес, алынған қаражат компанияның өзінде қалады, қаржы компания бизнесін дамытуға тартылады, «матрацтың астында жатқан» ақша ел экономикасы үшін жұмыс жасайтын болады. Сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы қорларына жоғары дәрежелі эмитенттерді ұсынады, яғни, зейнетақы қорларына азаматтардың жинақ ақшасы бойынша кірісті арттыруына мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, адам акцияны сатып алғаннан кейін кәсіпкер болып есептеледі және кәсіпкерлердің барлығы секілді тәуекелдерге басын тігетін болады, яғни, ол акциясын сатып алған компания таза пайда таппаса, дивиденд ала алмай қалуы мүмкін.

Бұл еліміз үшін, тіпті көрші елдер үшін, мысалы Ресей үшін де шын мәнінде жаңа бағдарлама, пікір де екі түрлі, бірі қолдаса, екіншісі бұл бағдарламаның тәуекелі үлкен деседі. Қалай болғанда да біз бұл бағдарламаны үлкен дайындықпен бастайын деп отырмыз. Десек те, тұрғындарға айтарымыз, акцияны сатып алуға қолындағы барлық ақшасын, соңғы ақшасын салып жіберуге болмайды…

Акционер болуға ниеттенген адам бұл бағдарлама жөнінде толық білгені жөн. www.halyk-ipo.kz сайтында бағдарлама жөнінде барлық мағлұмат бар. Сонымен бірге «Халықтық IPO» шарттары жөнінде тегін қоңырау шалуға болатын call-центр жұмыс жасап жатыр. Қазір бұл call-центрге хабарласу тұрғысынан Алматы, Астана мен Ақтөбе облыстарының тұрғындары белсенділік танытып отыр.

«ҚазТрансОйл» АҚ — алғашқы!

Болат Зәкіров,

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының даму жөніндегі орынбасары:

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы — «Халықтық IPO» Бағдарламасына қатысушы алғашқы компания, бағдарламаның пионері. Акционерлік қоғамның аталған бағдарламаға қатысушы компаниялардың алғашқы эшелонына кіруінің себебі бар. Біріншіден, басқаларына қарағанда компанияның өндірістік көрсеткіштері тұрақты, корпоративтік басқару деңгейі, техникалық дайындығы жоғары. Талапқа сай, компания қор биржасына кемінде үш жылғы қаржылық есеп-қисабымен келуі керек. Ал оны біз бірнеше жыл қатарынан жүргізіп келеміз.

5 мың шақырымнан астам магистральді мұнай құбырына, 2 мың шақырымнан астам су таратқыштарына иелік ететін ірі мұнай тасымалдаушы компанияның тұрақты клиенттік базасы бар.

Мұнай құбырлары жүйесі еліміздегі мұнай өндірісі үшін аса маңызды, «ҚазТрансОйл»  компаниясы мұнай өнімдерін бірнеше бағыт бойынша ішкі, сыртқы рынокқа шығарып отыр. 1997 жылы құрылған «ҚазТрансОйл» компаниясының жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысса, қазіргі уақытта компанияның жалғыз акционері «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы болып табылады. Акционерлік қоғам клиенттерінің қатарында 80-нен астам компания бар, олардың арасындағы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Теңізшевройл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» АҚ секілді бірнеше ірі компанияны атауға болады. «ҚазТрансОйл» өз қызметін Қазақстанның барлық өңірлерінде жүзеге асырып келеді, 15 жылдық тарихында компания магистральді құбырлар жүйесін дамытуға қатысты қыруар жұмыс жасады, бірнеше бағыттарда мұнай құбырларын жүргізуге қатысты үлкен жобалар жүзге асырылды. 15 жылғы жағдаймен салыстырғанда қазір біздің мұнай компанияларымыздың мұнай жеткізуге қатысты таңдауы үлкен.

Компания өз жұмысында қашанда жаңа идеяларды, инновациялық технологияларды бірінші болып енгізуге т
Нурлыбек рахмет +1
...