+1 дауыс
1.4k көрілді
Қазақ халқын орны толмас қайғы-қасіретке ұшыратқан қыз жендет Филипп Голощекин туралы не айтасыз? жалпы 1932-1933 жылдағы ашаршылық кезі туралы айтып кетсеңіз?

4 жауап

+2 дауыс
Голещекин иттің баласы ғой,соның кесірінен қазақтар қырғынға ұшырады
+1 дауыс
Сондай адамдардың кесірінен қанша қазақ тамақ жоқ аштан-аш қырылды. Қанша қазақ туған-туыстарынан айырылды. Қанша қазақ баласы анасынан, әкесінен айырылып жетім қалды. Сондай қара басының қамын ойлайтын, дүниеқоңыз, қатігез, қанішер, үстем тап өкілдерінің кесірінен біздің қазақ қанша халқынан айырылды. Олардың жасаған күнәләрі екі өмірдеде кешірілмес деп ойлаймын.
+1 дауыс
Филип Исаевич өкпелемесін,барып тұрған хайуан.
Өкпелемесін дегеніңіз қызық екен, хайуан өкпелей алар ма?
0 дауыс

Қазақтар арасында "Қужақ"  деген атпен қалған Филипп Исаевич Голощёкин, яғни Шая Ицкович (9.3. 1876, Витебск облысы, Невель қаласы – 18.10.1941) – саяси қайраткер, Қазақстан өлкелік партия коммитетінің 1-хатшысы (1925 – 33). 1903 жылдан Компартия мүшесі. Петербург, Кронштадт, Сестрорецк, Мәскеуде, сондай-ақ Франция, Германияда большевиктер партиясына араласты. Бірнеше рет ұсталып, айдауда болды. Қазан төңкерісін дайындау және өткізу кезінде Петроград революциясы соғыс коммитетінің мүшесі болып, ішкі және сыртқы байланыс бөлімін басқарды. Тақтан тайдырылған император Николай ІІ-нің өзін және отбасын ату жазасын орындауға белсене қатысты. Азамат соғысы жылдарында  Пермь,  Екатеринбург  губерниясы  коммиттерінің және Урал облысы коммитетінің хатшысы, Урал облысы әскери комиссары, 3-армия саяси бөлімінің бастығы, БОАК және РКФСР ХКК-нің Түркістан істері жөніндегі комиссиясының мүшесі болды. 1922 – 25 жылдары Кострома губерниясы атқару коммитеті мен РК(б)П Самара губерниясы коммитетінің төрағасы, 1925 – 33 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік коммитетінің 1-хатшысы болып істеді. Голощёкин Қазақстанға келісімен “қазақ ауылы үшін Кіші Қазан” ұранын көтерді. Осы ұран аясында ұжымдастыру саясатын жүзеге асыруда ірі қателіктер жіберді. Мұның салдары ауыр болды. Жедел ұжымдастыру, отырықшыландыру, тіпті урбанизациялау саясаты жаппай ашаршылыққа әкелді. 1,6 млн. қазақ қырылды, көп бөлігі Қытайға, Ресейге, Түрікменстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Иранға, т.б. өңірлерге босып кетті. Ұлтаралық қатынастар нашарлады, бұрыннан пайдаланылып келген араб әліпбиі өзгертіліп, латын алфавиті енгізілді. 1926 жылдан бастап ішкі Ресейден орыстарды Қазақстанға көшіру күшейді. Ірі бай және жартылай феодалдардың малын тәлкілеу науқаны жүргізіліп, астана Қызылордадан Алматыға ауыстырылды. 1928 ж. Алматы қаласында Қазақ педагогикалық институты ашылды, одан бұрын Қызылорда қаласында қазақ драма театры бірінші маусымын бастады. 1931 жылы Ақмола – Қарағанды, Түрксіб темір жолы іске қосылды. Алматы, Орал ет комбинаттары, Алматы,Талдықорған, Меркі қант зауыттары жұмыс істей бастады. Қазақ зиялыларын жаппай жазалау саясаты күшейді. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, т.б. саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Голощёкин ұлттық пиғылдағы С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, т.б. қайраткерлермен күресіп, өз дегеніне жетті. Қазақ қызметкерлерін жұмысқа алу төмендеді. Қазақ халқы арасында орталық билікке, оның өкіліне деген наразылық күшейді. Осыған байланысты Голощёкин орнынан алынып, партия басшылығына Л.Мирзоян жіберілді. Қазақстаннан кеткен Голощёкин 1933 – 37 жылдары КСРО ХКК жанындағы бас арбитр болып істеді. 

Тікелей Сталиннің қорғауында болды. Талай адамды «халы жауы» деп көрсеткен Филипп Голощекиннің өзі де 1939 жылы «антисоветтік ұйым құрды, Орталық комитетке қарсы күрес жүргізді, сондай-ақ гомосексуализммен шұғылданды» деген айыппен тұтқындалып, 1941 жылы 27 қарашада атылды. Бірақ сталиндік саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар ретінде 1961 жылы ол да ақталды. Ақтау несіне керек еді деймін ғой?!

Толығырақ...

...