+2 дауыс
936 көрілді
Қысық көздi көршiлер осы адамды қастерлейдi ғой ерекше. Кiм ол Конфуции деген? Қытайлар соның жазғандарын оқып, айтқан жолымен жүрiп дамып кеттi дейдi әжем . Бiр сөзi есiмде :- Өзiң ұнатпаған нәрсенi басқаларға iстемеңдер деген. Конфуции iлiмiнiң өмiршеңдiгi неде? Оның қандай кiтаптары бар?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қытай мәдениетінің қайнар бұлағы-Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы, яғни Кун-ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 жылы дүниеге келген. Бала кезінен-ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді өте жақсы көрген. Ол бүкіл өмірін Лу патшалығында өткізген.
Жас кезінде ол саясаткер болуды армандап, соған ұмтылған. Алайда ол кезде ірі саяси лауазымдар әкеден балаға мұра арқылы берілгендіктен ол өзінің арманынан біржолата қол үзеді. Егер Конфуций жағымпаз, пайдақор адам болған жағдайда өз мақсатына жетер еді., бірақ ол бұндай адамдардың санатынан емес еді.Саяси қыметке енді жоқ екендігіне көз жеткіген Конфуций ғылыми ізденіспен және дәріс берумен айналысады. Ол өзін жолы болмағыш адам деп есептеген. Сол кездегі галымның дәріс беру ісі өз заманының қоғамның адыңғы қатарындағы адамдар тобымен тығыз байланысты болды. Қытайда мемлекеттің пайда болуынан бастап тарихи деректерді білу, қогамдық тәртіп ережелерін білу тек қана күнделікті ішкі саясатты жүеге асыруда ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарда да керек болды.
Өмір жолында талай қиындықтарды бастан кешірген Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезім белең алды. Ол елдегі бей - берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс - тіршілігін дұрыс жолға қоюдың басты жолы - ата - бабалар дәстүрлері мен заңдарына, көне заман тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша бұл мақсатты жүзеге асыру жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз - өзіне жоғары талаптар қоя білуі және қабылданға ережелер канондарды мүлтіксіз орындай білуі шарт, міне сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге асыру мүмкіндігі туады. Бұл қағида оның этникалық-әлеуметтік бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына ерекше ықпал жасады.

                                                               Толық ақпараттар мына жерде

http://portal.vkgu.kz:1010/4006/utit1/1,1.htm
+2 дауыс
Құң-зы (қытайша: 孔子; сирек кездесетін — қытайша: 孔夫子; пинйін: Kǒng Fū Zǐ; Wade-Giles: K'ung-fu-tzu, дәлме-дәл «Құң ұстаз», лат. Confucius) (551 ЗБ—479 ЗБ) — ілімі мен пәлсапасы қытай, кәріс, виетнамдық және жапон өмір тұрысы мен ойлау ғұрыпына терең ықпал еткен, әйгілі қытай ақылманы және әлеуметтік пәлсапашысы.
+5 дауыс
Конфуций Кун-цзы (Кун ұстаз) (б.э.д. 551– 479 жж.) ке­дей­леніп кет­кен атақты кісілердің от­ба­сында дүниеге кел­ген, өмірінің көбісін Лу патшалығында өткізеді. Жас кезінде шенеунік қызметін ат­қа­рып, кейін Қы­тай­да алғашқы болып жеке мек­тептің негізін қалаған. Еңбек ете жүріп жи­нақ­таған тәжірибесін, өмір философия­сын іске асырып, кейінгі ұрпақ игілігіне қал­дыр­ған. «Лунь юй» кітабына әңгіме-дү­кен, пайымдар, оқушылары мен шәкірт­терінің көзқарастары мен әңгіме­ле­рінен жаз­балар ен­ген. Оның ілім-білімі адам­­гер­шілікке – адам­дардың этикалық жә­не әлеуметтік қа­рым-қатынасына арна­лып, ата-бабаларына қошемет, жасы жа­ғынан да, дәрежесі жа­ғынан да өзі­нен жоғары адам­дарды құр­мет­теу, т.б. ізгілікке негізделген. Кон­фуций ілімі бас­қа ілімдерден басым бол­ған кезде (б.э.д. 136 ж. кейін) дүниежүзі фи­ло­­соф­ты «11 мың ұрпақтың ұстазы» деп та­ны­ды. Оның «Лунь юй» және «Ши­цзин» (музыка өнері) атты шығарма­ла­ры бар.
+2 дауыс
Қара мысықты,қараңғы бөлмеден табу қиын ,егерде ол мысық ол бөлмеде болмаса .                                                           Трудно наити,черную кошку ,темнои комнате ,особенно если ее там нет .  Конфуции.
...