+2 дауыс
Жақында бiр компанияға резюме жiберген едiм. Ендi сол компания әңгiмелесуге шақырып отыр. Қорқыныш бар аздап, қалай болар екен деп. Бiраз ұялшақтығым да бар оның үстiне. Бiлгiм келетiнi сол әңгiмелесу деген қалай өтедi? Не айтады маған және қандай сұрақтар қойылуы мумкiн? Өзiмдi қалай ұстауым керек? Қанша адам отырады ол жерде?Қандай киiнiп барғаным дұрыс? Сосын сынақ мерзiмi болады дедi ме бiр нәрсе айтып едi. Ал онысынан қалай өтемiн? Осы екеуiнен қалай сүрiнбей өтуге болады?
25.06.2013 943 қаралым

2 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Әңгімелесу деген( орысша собеседование) сол компанияның өкілдері саған сенің мамандығың,жұмыс өтілің(стаж) қандай,тәжірибең туралы сұрақтар қояды,сосын жұмысыңа қатысты білімді тексеру үшін жұмысың жайлы сұрақтар қояды.Сен ол жерге барғанда еш қысылмай бар білетініңді тақылдап айта бер,тек мүдіріп,кібіртектеп қалма,өзіңе сенімді екеніңді көрсете біл.Енді сынақ мерзімі(испытательный срок) ол 3ай болу керек.3 айдың ішінде сен ешқандай жұмыс тәртібін бұзбай,жұмысқа уақытымен барып,уақытымен шығып,өзіңді көрсете білуің керек.Ешқандай ескерту алмауың керек,сол кезде сен сынақ мерзімінен сүрінбей өтесін.
25.06.2013
Назымбек рахмет. Сынақ мерзiмi  3ай бола ма?! Ұзақ екен тым. Ал ол сынақ мерзiмiне  ақша төлей ме? Негiзi мен жай жазгы демалысты бос өткiзбейiн деп резюме жiбергем. Дипломым да жоқ азiр. Көп нарсе талап етедi екен де онда.
Негізі сынақ мерзімде сенің еңбекақың толық жүру керек,ол тек сені сынау үшін берілетін уақыт,жұмысты қалай істейтініңді бақылайды.
Көркем,ЖЖға рахмет!
+2 дауыс
Сынақ мерзімі 1 апта болуы да мүмкін 3 ай болуы да мүмкін, ол сенің өзіне байланысты, жұмысынды тез игеріп кетіп көзге көріне алсан сол кезден бастап сынақ мерзімінді тоқтатып толықтай жұмысқа қабылдай салады. Қандай сұрақ болғанда ол компанияның қандай бағытты жұмыс жасайтынына байланысты сенің қаншалықты икемін келетінін тексеріп көреді, маңыздысы қобалжымау керек, қатты жалмандап кетудің де қажеті жоқ бір үйіндегі адамдармен сөйлесіп отырғандай сезінуін керек ғой. Қарапайым киінген дұрыс сияқты, монашкалар сияқты да емес, Бионс сияқты да емес))) Егер компанияда секретарь болатын болсан классика киініп барған дұрыс) Жолын болсын, удачи! :)
25.06.2013
Кеңесiңе рахмет. Айтқаның келiп  жолым болып кетсiн. Рахмет.
127,963Сұрақ
322,898Жауап
153,169Пікір
73,028Қолданушы