Әңгімелесу деген( орысша собеседование) сол компанияның өкілдері саған сенің мамандығың,жұмыс өтілің(стаж) қандай,тәжірибең туралы сұрақтар қояды,сосын жұмысыңа қатысты білімді тексеру үшін жұмысың жайлы сұрақтар қояды.Сен ол жерге барғанда еш қысылмай бар білетініңді тақылдап айта бер,тек мүдіріп,кібіртектеп қалма,өзіңе сенімді екеніңді көрсете біл.Енді сынақ мерзімі(испытательный срок) ол 3ай болу керек.3 айдың ішінде сен ешқандай жұмыс тәртібін бұзбай,жұмысқа уақытымен барып,уақытымен шығып,өзіңді көрсете білуің керек.Ешқандай ескерту алмауың керек,сол кезде сен сынақ мерзімінен сүрінбей өтесін.