+2 дауыс
613 көрілді
Маған ауылда бiр ағай сондай жагымсыз болып көрiнiп жүр. Отбасын тастап қаланың бiр жас қызына уйленiп кеттi. Жексұрын деп сондайларды айта ма?Жексұрын, жағымсыз бейнеде көрiнетiн кiмдер сiздiңше?
Барлык жауаптар ушiн рахмет.

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жексұрын ...мен үшін  адам бейнесін жоғалтқан адамдар. Олар: педофилдер, қанішерлер, адами құндылықты елемейтін өзге де тозақтықтарды жатқызар ем)

Жағымсыз бейнеде кез келген адам  уақытша көрінуі мүмкін... әрекетіне байланысты шылым шегушілер, эгоисттер, сауатсыз кісілер, т.с.с.

Жалпы, Сен Біз білетін  Көркембісің?*
Жауапқа рахмет. Жалпы сiз бiлетiн Көркем кiм едi? Ммм тағы бiр нарсе жж таңдауды өзiм де бiлем.
Мен білетін Көркем сен секілді барлық тұрғыда  сауатты болатын :)
+2 дауыс
Иә мен сізбен толық қосыламын. Сондай ата-анасын қарттар үйіне өткізген, немесе балаларын ойламай оны жетімдер үйіне берген адамдарда жексұрын. Бермегенімен оған қарайласпай өз-өздерін құртып жүрген адамдарды мен жексұрын дер ем. Ата-анасы, бала-шағасын ұмытқандарды және Отанын сатқан опасыздарды және Ана тілін құрметтемеген мәңгүрттерді мен ЖЕКСҰРЫН дер ем.
Иә. Жақында хабардан естіп төбе шашым тік тұрды: бір әйел жаңа туған баласын қоқысқа тастапты...оған қарағанда жануарлар балаларына бар махаббатын береді.
+2 дауыс
Жексұрын адам мен үшін - әділетсіз, жануарлар мен адамдарға мейірімсіз, жанағы айтқан жынысын ауыстырған, зинақорлық жасап оны дұрыс көрген, адамды жазықсыз қыратын төбеде отырып алып бір елді екінші елмен қырылыстыратын, Буш сияқты, Сталин сияқты адамдар, елде бүлік жасайтын Абілязовтар, Құранның аятынан өлтіріңдер деген сөзді көрсетіп сендіріп Исламды жамылып адамдарды террорист қылатындар, оның сөзін тексерменй, діни білім алмай еріп жүре беретіндер, соғыс кезінде алға деп айқайлап қойы жерге басын бүркеп жатып қалатындар, екіжүзділер, Тора, Інжілді өз қолымен қалаған нәсесін жазушылар, Құдандан қорықпайтындар, "елді бүлдірмеңдер" десең біз елді дұрыстап жатқан дейтін, ұятсыздар. Өзінің қызымен жасты әйелмен ойнастық құратындар. Елді артқа жетемлеп, хайуаннан да төмен іс істейтіндер. Түптің түбінде осының бәрі иманы жоқтың белгісі болып табылады.
+2 дауыс
Олай адамның сыртынан тон пішу дұрыс емес, мүмкін оның бұрынғы әйелі акогольге үйір болып отбасының берексін кетіре берген сол ағай тастап кетуге мәжбүр болған шығар, медальдің екі беті бар. Жас қыз өзі жармасып қоймады ма әлде, кім білсін... Жексұрын деп бұзыыық балаларды да айтады ғо кейде)
4 баласымен тастап кетiп отыр ғой. Бұрынғы әйелi қарапайым жақсы адам.
+2 дауыс
Ол кісіні отбасын тастап кеткені үшін жексұрын деуге болмайтын сияқты,кім білсін,мүмкін кінә әйелінен болар,көзіне шөп салған болар,оны ешкім білмейдіғой,Мүмкін ол кісі кезінде жар таңдағанда қателескен болар,дәм-тұздары жараспаған болар.Жексұрын деп бойында адам сүйсінер еш жақсы қылығы жоқ,ел-жұртқа жек көрінішті болып жүрген адамды айтады.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
...