+3 дауыс
450 көрілді
Жаңалықтан есiтiп едiм, осы биге билеген екi студент оқудан шығарылды деп.Харлем шейк деген қандай би? Қай елден және қашан шығып отыр? Мағынасы қалай бұл сөздiң?

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Harlem Shake (Гарлем селкілдектері - деп аударуға болатын сияқты) — бір айдан астам уақыт бұрын ғана таралған интернет-мем (өздігінен, мағынасыз, тез таралған ақпарат, видео немесе фраза). Алғашқы ролик YouTube сайтында 2013-жылдың 2-ақпанында жарияланды. Оны австралиялық 5 жасөспірім түсірген болатын. Өз кезегінде олар бұл видеоны жапондық блогер Filthy Frank -ке жасалған пародия ретінде түсірген.

Осыдан кейін вирустай тез тараған Harlem Shake дүниежүзі бойынша мектептер мен университеттерде, спорт алаңдары мен офистерде, әскери казармалар мен қоғамдық көліктерде қайталанды. Қазақстандық жастар да осы пародияның өз вариантын түсірді. Солардың бірі үлкен жанжалға ұласты.

Интернет-мемнің мән-мағынасы жоқ, жай ғана алғашқы 14-15 секундта бас киім киіп алған бір адам билей бастайды (шлем), ал қалған адамдар жұмыс істеп жатады. Содан кейін костюмдегі не жалаңаш кейіптегі адамдар дым түсініксіз қимылдар жасай бастайды, тіпті қабырғаға эротикалық сипаттағы қозғалыс қимылдар жасай бастайды. Ролик шамамен 31 секундқа созылады.

+1 дауыс
http://blog-kazakh.moy.su/blog/harlem_shake_ne_yl_an_quot_bi_quot_neden_shy_ty_b_l/2013-04-11-69
Жауаптар ушiн рахмет. +1 Темiрлан
рахмет..
+1 дауыс
мына би ғо
...