+2 дауыс
301 көрілді
Неге Вконтакте әлеуметтік желісінде музыкалар кетіріліп жатыр? Бұған не себеп болды?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

«ВКонтакте»  әлеуметітк желісінде жақында пираттық әндер көптеп өшіріліне бастады. Әндер іздеуден өшірілмейді, бірақ тыңдай алмайсыз. Сұр түсті қолдануға болмайтындай болып тұрады. Оған себеп Sony Music, Universal Music Group и Warner Music Group атты алпауыттар өздеріне тиесілі әндерді өшіруді талап етуіне байланысты әндер шетінен өшірілініп жатыр.

Қазіргі кезде Туиттер әлеуметтік желісінде тұтынушыларыдң ең өзекті тақырыбына айналды. Мұнда #вернитемузыкувVK ілмегін теру арқылы қолданушылардың наразылығын көруге болады. 

Оған Ресейде қабылданып жатқан заң да себеп болып отыр.

Интеллектуалды құқықты бұзатын аудио мен видеоны тарататын сайттарды блоктау тәртібін сипаттайтын заң жобасын депутаттарға талқылауға ұсынылды. 

Мемлекеттік думаға «ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде интеллектуалдық құқықты қорғау мәселесі бойынша Ресей Федерациясының заңды актілеріне өзгерістер енгізу туралы» федералдық заңының жобасы енгізілді.

Заң жобасы Азаматтық кодекстің 4-ші бөліміне, Азаматтық процессуалдық кодекс, Арбитражды процессуалдық кодекске өзгерістер енгізуді және «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау жайлы» Федералды заңын толықтыруды қарастырады.

Заң жобасында ақпараттық делдалдардың жауапкершілігі айтылады. Ақпараттық делдалдарға интернет арқылы аудиовизуалды материалдарды берумен айналысатын тұлғалар (провайдерлер) және осындай материалдарды орналастыруды қамтамасыз ететін тұлғалар (сайттар) жатады.

Біріншілері – материалды берушілер – материалды беруде бастамашысы болмаса және материалдарды алушыларды белгілемесе, сондай-ақ (барлық шарттардың орындалуы жағдайында) материалдардың қолданылуы заңға қайшы екенін білмесе ғана интеллектуалдық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылмайды.

Материалдарды орналастыру мүмкіндігін беретін делдалдар сайтқа енгізілген материалдың заңға қайшы орналастырылғанын білмесе және құқықты иеленушіден материалды өшіргендігі жайлы жазбаша мәлімдеме алған жағдайда жауапкершіліктен босатылады.

«Осылайша, ерекше құқықты бұзатын ақпараттарға кіру құқығын шектеу туралы анық жұмыс істейтін сот актілерінің атқару механизмі құрылады», - деп айтылады заң жобасының түсініктеме хатында.

 

Жақын арада Видеолар да жаппай өшіріледі деген ақпарат интернетте қаптап кетті.

+1 дауыс
Серверлері толып қалған шығар! Өзім әйтеуір бүгін страницамды өшіріп тастадым. Негізі взломға хакерлер вконтактаны жеңіл дейді. Сервер бұзылған болу керек. Бірақ өзімнің әндерін бағана өшпеген тұғын.
...