0 дауыс
1.0k көрілді
Мен мектепті қазақша оқып, бір себептермен колледжде орысша оқыдым. Енді мен де сол бір шала қазақтардың қатарына қосылып барамын. Қалай тіл байлығымды көтерсем болады? Сөз арасындағы ойлану кезіндегі короче, "ыыы"ларды қалай кетірсем болады? Өз ойымды жақсы жаза алғаныммен таза қазақша сөйлеуден қалып барамын.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақта "Ана тілін білмеген емес, ана тілін білгісі келмейтіндер мәңгүрт" дейді. Ал мәңгүрт деген ең ауыр сөз. Ондай сөзді арқалып жүргенше өлген артық. Сенің жайыңды түсінуге болады. Өйткені адам ортасына қарап өзгереді. Сөдің әлқисасына жүгінсек сен тіл байлығыңды дамытқың келеді. Шалақазақтықтан арылып; жаргон сөздерді жадыңнан бір жола өшіріп, сызып тастағың келеді. Ол үшін не істеу керек?! Ең бірінші рухани байлығыңды дамыт. Түрлі әдеби кітаптар оқы. Бірден роман, том-том кітаптарға көшпей, әңгіме, шағын повестерден баста. Неге десіңіз, бірден оқып кеткен сізге романдар ауырлық етіп, миыңызда ұзақ сақталмайды. Бір бетін оқығаннан кейін бағанағы оқығаныңызды ұмытып қаласыз. Күніне 1-2 рет термелер тыңдап тұрғанда артық етпейді. Және тағы айтарым кітап оқығанда бар ынта-жігеріңізбен, сүйсініп, түсініп оқыңыз!

Алла разы болсын!
Түбі Түркі, Қаны Қазақ бауырларымызға дұрыс жол сілтеп отырғанға не жетеді?! Қашанда салт-санаңды ұмытпай, ана тіліңді аяқ асты етпегін.
Иә, әрине. Осы сайт маған жағып барады!))) Сайт жасағандарға Алла разы болсын! Аллах тағала  басқа ұлттардың дәстүрін, тілін зерттеп білу үшін ұлтқа бөлген. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді ұмытпа.
+1 дауыс
Қазақ елінде тұрып олай айтқан ұят біріншіден өзіңізге! Қазір теледидар қараңыз! Қазақстан арнасын қараңыз! Кітап оқыңыз! Газет-журнал оқыңыз ! Абай жолын оқыңыз! Көшпенділерді оқыңыз! Қазақ бауырларыңызберн көптеп араласыңыз! Бұл нұсқаулықтан кейін үйренбеу деген таза еріншектік !
Жахар сен қай жақтікісің? Егер солтүстікте тұрмасаң онда жауап бермесең болады себебі мұнда әр-бір екінші адам шала қазақ тіпті тілін білмейтіндер толып жүр. Ал батыстан
болсаң тіпті мені түсінбейсің, себібі көп
Және маған соншама леп белгісімен жазатындай таз қалпында емеспін. Менің де намысым бар. Жүр қаншама қазақ тіпті өз тілін үйренуге талпынбай.
Абай жолын оқығанмын. Тіл деген  тек оқығанды қажет етпейді.
Жоқ. Сұрағанның ұяты жоқ. Керісінше сұрамаған ұят.
Сонда сен қай жақтікі болдың? Ұмсынай?
Мен таза қазақша Қызылордаданмын. Солтүстіктен болсаң саған берер кеңесім СЖ-дан шықпа! Леп белгі қою әдет болып бара жатыр маған! Оған ренжімей ақ қой! Қызылордаға лагерьге кел! Қазақшалап программа орнатамыз басыңа!
Белгісіз
Мәәә! Өләәә!деп шығамын ғой мен онда)))  Мен Таразданмын, бірақ кішкентай кезімнен бастап Астанада тұрамын. Мен оқаған сынапта 5-6 бала ғана қазақша сөйлейді. Ал қалғандары қазақша сабақта "ыыы" деп әрең айтады да, үзілісте орысша сөйлейді. Қазақы орта деген аз. Сен леп белгісін барлық жерде қоланатыныңа күмәнім бар. Оқып жүрмін жауаптарыңды. Леп белгісінің қолданатын жері болады. Әйтпесе айқайлап тұрғаныңдай сезіледі!
Соңғы кезде қойып жүрмін леп белгісін! Мәәә ! Өләә дегендер сәннен қалып келеді.
Белгісіз
0 дауыс
Сенің жазғаныңа қарап,орысшаланып кеткеніңе сеніңкіремей отырмын,осы сайттың "кейбір" тұрақты қолданушылардың өзі сен сияқты қазақша әріптермен жазбайды,ал сен қазақша әріптермен,ойыңды қазақша жеткізіп отырсың.
иә. мен жазғанда ойымды жеткізе аламын. Ортам орысша болғанымен әкем үйде  "қазақша  сөйле" дейді. Оғанда Аллаға шүкір. Маған ұлтжандылықты үйретпесе мәңгүрт те болып жүрер ме едім сірә.
Бірақ та адам өмірінің соңына дейін өзін жетілдіруде болуы керек емес пе.
...