Қазақта "Ана тілін білмеген емес, ана тілін білгісі келмейтіндер мәңгүрт" дейді. Ал мәңгүрт деген ең ауыр сөз. Ондай сөзді арқалып жүргенше өлген артық. Сенің жайыңды түсінуге болады. Өйткені адам ортасына қарап өзгереді. Сөдің әлқисасына жүгінсек сен тіл байлығыңды дамытқың келеді. Шалақазақтықтан арылып; жаргон сөздерді жадыңнан бір жола өшіріп, сызып тастағың келеді. Ол үшін не істеу керек?! Ең бірінші рухани байлығыңды дамыт. Түрлі әдеби кітаптар оқы. Бірден роман, том-том кітаптарға көшпей, әңгіме, шағын повестерден баста. Неге десіңіз, бірден оқып кеткен сізге романдар ауырлық етіп, миыңызда ұзақ сақталмайды. Бір бетін оқығаннан кейін бағанағы оқығаныңызды ұмытып қаласыз. Күніне 1-2 рет термелер тыңдап тұрғанда артық етпейді. Және тағы айтарым кітап оқығанда бар ынта-жігеріңізбен, сүйсініп, түсініп оқыңыз!