Егер ол жігітпен болғанды өзіңіз қаламасаңыз қазірден қатынасты бұзыңыз! Ол қасыңызда барда басқа жігіттер жоламайды! Оның жігіті бар деп алшақтап кетеді! Бәрі өз орнымен! Ел көзіне көрінетін, ерлермен танысатын жерлерде жиі болуға тырысыңыз!!!
Менде де осындай жағдай болды. Мен жігіттен біраз уақыт кездеспей тұруымызды өтіндім. Біріншіден: ол жігіттің сезімінің шынайылығын білу. Екіншіден ойымдағы жігіт кездестіріп қаламын ба деген оймен. Әрине жігіттер жаман ойлауы мүмкін. Бірақ сүймесемде оған тұрмысқа шықсам өмір бойы өзімді жазалап өткенім емес пе?! Одан да уақыт өткізбей осылай алыстауды жөн көрдім. Мүмкін ол да басқаны ұнатып қалуы мүмкін ғой. Сезім шексіз!
Ажырасайық деп бетіне айтқанша осындай әдіспен шара қолданған жөн деп санаймын. Жүрегімізді ауыртып *шок*тан шыққанша да біраз уақыт өткізіп аламыз. Сезімге деген, адамға деген көзқарасымыз өзгереді. Темадан ауытқып кеттім ғой деймін:)
Ал ойыңыздағы жігітті кезіктірмедім деп асығыстықпен өзіңіз қаламайтын жігітке ешкашан тұрмысқа шықпаңыз. Ол алысқа апармайды. Танысу агенттіктеріне барыңыз! Таңдаңыз! Әр бір адам бақытты болуға лайықты!
Рахмет Еrke! Сонымен сіздің ол әдісіңіздің нәтижесі не болды, нендей шешім қабылдадыныз. Тоқ етерін айтыңызшы
Мен жақсы жігітті жолықтырдым. Қазір сол жігітпен араласып жүрмін. Әлі махаббат әлеміне аттанбасақ та сырымызды бөлісіп, тісінігіміз, көзқарасымыз бір жерден шыгып жүр. Әлгі жігіт пен тек агентте ғана тілдесіп тұрам. Ол шыны керек түсінген сияқты.