0 дауыс
672 көрілді
Мен оны қатты жақсы көремін. Оны ешкімге қиып тастап кеткім келмейді,  бірақ оның басқа жігіттермен сөйлесіп жүргенін білемін. Қызғаныш ішті өртеп барады, оның ол қылықтарын бетіне басып айтып сөзге келейін десем одан айырылып қалытыным анық. Сондықтан көз жұмып келемін! Қаншай шешім қабылдауға болады, өмірде басқа да қыз көп деп өз жөніне жібере салайын ба? алде ер жігітке тән қасиет соңына дейін бірге болып, оның жүрегін жаулап алу ма?

3 жауап

+9 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің ойымша ол қызды өз жөніне жіберген жөн. Өзіннің сүйген жанның жүрегі сен деп соқпайтынын білу қандай қиын. Олай жүріп қиналғанша жүрмей қиналған артық сияқты. Себебі ол қызды басқа жанмен көргенде жүрегін қазіргідей қатты ауырмайтын болады. Және өзінізді "Ол қыздың маған қатысы жоқ, не істеседе өз өмірі" деп өз өзінді жұбата аласын. Ал қазір жанынызға жұбаныш болар ештене жоқ. Ол сіздің жанынызда жургенімен бірақ оның жүрегінде сіз жоқсыз. Ащы болсада шындықты мойындап дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз
+5 дауыс
Күн біреу, нұр төгетін көктен жерге.
Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.
Шын бақыт,екі айналып жолықпайды
Қол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге.
Неге сөйлесіп барлық мәселенің басын ашып алмасқа өзгені сүйетіні рас болса жөніне жібер.
Бұл сөзіме өмірінде көрмегендер түк қайғы.
Күледі рас,күлетіні-пәк сезімді ұқпайды.
Махаббатты екі бөлсең,шығады өстіп зұлымдық.
Зұлымдықтың бәрін қоссаң,бір махаббат шықпайды.
Сенен жалықтыма білмедім бірақ олай басқа жігітпен сөйлесетін болса неге айтпайды сені сүймейтінін.
+6 дауыс
Менің ойымша,ең бірінші өзімен ашық сөйлескеніңіз дұрыс.Сізді мазалап жүрген сұрақтардың да жауабын өзінен аласыз.Сізден жалықтыма,басқаны ұнатадыма немесе мүлдем баасқа жағдайлар да болуы мүмкінғой.Ащы болсада шындықпен өмір сүрген дұрыс....
...