+3 дауыс
633 көрілді
Мына сұрағыма аздап дiни сұрақ араласып кеткелi тұр. Модераторлар жауып тастар ме екен , қайтер екен?! Бұрынғы заманда болған ғой, баратын жерлерiне жете алмай қалғандар сол ауылға құдайы қонақпыз деп барған. Мысалы мен :Алматыга барсам, ол жақта ешқандай туыстарым жоқ, таныстарым да болмаса , әмиянымды, құжаттарымды сол жақта жогалтып не ұрлатып алған болсам не iстеймiн? Жалпы мысал келтiрiп отырмын да. 1)Сондай жағдайға түсiп қалса адам қайда бару керек? 2) Құдайы қонақпын деп уйiңiзге барса қалай қабылдайсыз? Мен бiрде осындай жағдайға тусiп қалсам қайтемiн деп ойландым, ойыма келгенi мешiт болды. Ең қауiпсiз сенiмдi жер. Бiрақ бiрде тв дан қыз баланы мешiтке қондырмайды деп есiтiп қалдым. 3) Қыз баланы мешiтте неге қондырмайды?
жақсы сұрақ +1! жаба қоймас! muftiat.kz тен де сұрап көр!
Белгісіз
Иә мешіттен білу керек
Пiкiрлерге де жауаптарға да рахмет. Мен жай өзiмдi мысал ретiнде келтiрiп отырмын да. Қиын жағдайдан сақтасын Жаратқан. Жалпы бiлгiм келгенi  мынау ғой :сiздердiң уйлерiңiзге барса да солай деп не iстер едiңiздер? Арине заман басқа қазiр.  Ал мешiтте қондырмайды деп бiр жаналықтан естiп едiм, бiр қыздың уйiн туысы тартып алып , өзi далада қалды деп айтып жатыр едi.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә алдыңғы жауаптарға қосыламын. тіпті қыздың жалғыз саяхаттауына тиым салынады. Қасында не ағасы, не інісі, не әкесі, не күйеуі болуы қажет. Осылай дін нәзік жандылар жаман ниеттінің қолына түспесін деп қорғайды. Құдайы қонақ туралы айтатын болсақ қазір заман басқа және біреудің үйіне барсаңыз олардың не ,олардың ойынша, сіздің дұрыс ниетті екендігіне кім кепіл? Ал мешітте қызды қондыруға болмайды дегенді естімеппін. Ол Аллахтың үйі емес пе. Ол сөзге күмәнім бар. Мұндай жағдайға тап болсақ сенің ойымша полициаға учаскісіне барып туыстарыңызға хабар беруін өтініну. Соларғ айтып барып мешітке қонып шығуға болар.
+2 дауыс
Қазіргі кезде адамдардың санасы басқаша,қала түгілі ауылда танымайтын біреу құдайы қонақпын деп келіп тұрса қабылдай қояр ма екен,оның қасында Алматы дегенің үлкен қала,ал енді үшінші сұрағыңа келсек,қызға қырық үйден тыйым-деген,мумкін танымайтын жерге қыздардың жалғыз түнеуіне рұхсат жоқ болар.
+3 дауыс
Мешітке қондырмаса да ішіндегі имамдар сені далада қалдырмайды,олар сені Құдай қонақ қылып үйлеріне алып кетеді,тамақтандырады,қондырады үйіне ,әйтеуір далада қалдырмайды
...