+1 дауыс
4.6k көрілді
Жақында Шымкентте үлкен мешiт ашылыпты. Арабтар салдырган сол мешiтке әр қаладан жұма сайын мыңдаған адамдар келiп кетiп жатыр екен. Астана қаласындагы мешiттерден кейiнгi орында туратын мешiт осы болса керек. Ал әлемдегi ең улкен мешiт қай елде орналасқан? Қайсы қалада? Қанша адам сиып кетедi ол мешiтке?
Әлемнің барлық қалаларында мешіт болмайды ғоой
Белгісіз

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Әлемдегі ең үлкен мешіт – Сауд Ара­бия­сы­ның Мекке қаласындағы қасиетті Қағба ор­наласқан әл-Масжид әл-Харам мешіті. 638 жылы іргетасы қаланған ме­шіттің аумағы 400 800 шаршы метр, қа­жылық кезінде 820 мыңнан 4 миллионға дейін жамағат зиярат ете алады. Сондай-ақ әлемдегі екінші мешіт деп есептелетін кірпіші 622 жылы қаланған Мединедегі әл-Масжид әл-Набави мешітіне қажы­лық кезінде 1 миллиондай адам сыя­ды. Биіктігі 105 метрге жететін 10 мина­рет На­бави мешітіне көрік беріп тұр. Иран­ның Масхад шаһарындағы имам Реза ме­шіті әлем­дегі үшінші мешіт саналады. 818 жылы тұр­ғы­зылған мешіттің аума­ғы 331,578 шаршы метр, жылына 3-4 миллион адам зиярат етеді. Индонезия астанасы Джакартадағы Масжид Ис­тих­лал мешіті әлемдегі төртінші үлкен ме­шіт. Оның көлемі 95 мың шаршы метр, 120 мың адам құлшылық ете алады. Марок­коның Касабланка қаласындағы Хасан ІІ мешіті әлем бойынша 5-тұғырда тұр.

Сондай-ақ Дубайдағы Шейх Зайд ибн Сұл­тан ан-Нахайян мешіті, Брунейдегі Сұлтан Омара Әли Сайфуддин мешіті, Пәкістандағы Фей­сал мешіті, Түркиядағы Ахмет Сұлтан ме­шіті дүниежүзіндегі ең үлкен мешіттер саналады.
+2 дауыс

Мечеть шейха Зайда

АбуДаби қаласында орналасқан. 2 268 000 адам бір уақытта ниет ете алады! Сілтеме

Ал келесі жылға таман одан үлкен мешіт Әзірбайжанда салынбақ!

...