0 дауыс
1.7k көрілді
Pampers подгузнигі балаларға кері әсерін тигізеді ме? Тигізсе қандай?

1 жауап

0 дауыс
«ПАМПЕРСТІҢ» ПАЙДАСЫ БАР МА,ӘЛДЕ… Ғалымдар «памперс» балаға аса зиян дейді. Нәжісті сіңіріп, химиялық жолмен буландырып жіберетін қоспаларадамды белсіздік пен бедеулік ауруына душар ететіні жайлы барлық жерде жазылып жатыр. Дәрігерлер соңғы жиырма бесжылда Еуропада жаппай белең алғанбелсіздік ауруын тікелей «памперспен» байланыстырады. Өйткені, памперс киіп өскен баланың қуаты қырыққа жетер-жетпесте тоқырап қалады екен. Себебі не? Баршамызға түсінікті жалпақ тілмен айтқанда, ұл баланың мүшесінің ұшы мен ен қалтасының қалыпты температурасы болады екен. Жас бала «памперске» кіші дәретті жіберген мезетте, әлгі табиғи температура бірден жоғарылайды. Аздан кейін «памперске» сіңген зәр қайтадан тас-тай болып суиды. Осындай қысқа аралықта бір күйден екінші күйге алмасқан температура аталық бездің дамуын шектейді. Нақтырақ айтқанда, табиғи қуатын жойып жібереді. Бұндай жағдай қыз балаға да тән. Аналық бездің дамуына кері әсерін тигізеді. АҚШ және Еуропа елдерінде озық ойлы дәрігерлер «памперсті» қолдануға қарсы неше түрлі акциялар да ұйымдастырып, халықты жайлы жаялықтан бас тартуға үндеуде. Олар – «памперс» шығаратын компанияларға өнім өндіруді тоқтат деп отырған жоқ, ата-аналарға оны пайдаланбауды ұсынуда. Сөйтіп, олар қолдарына ұстаған жалаушалары мен пикет құралдарына «Келініңізге күйеу іздеңіз!» деген сөзді жазған. Бұның мағынасы: «балаңызға памперс кигізгенді тоқтатпасаңыз, балаңыз өскенде белсіз болады да, келініңіз бала таппайды немесе басқа күйеу іздейді», дегенді білдіреді екен «ПАМПЕРСТІ КИГІЗГЕН АДАМ ДА, ОНЫ ЖАСАҒАН АДАМ ДА ЖАУЫЗ!» Енді осы «памперсіңіз» біздің қазаққа да келіп алды. Орнығып, іске кіріскеніне тіпті оншақты жылдың жүзі болып қалды. «Памперстің балалары» қазір мектеп жасына жетіп, алды орта мектепті аяқтауға жақын… Қош сонымен… Ақпарат, толығырақ мына сілтемеде: http://www.namys.kz/?p=1637
...