–1 дауыс
1.7k көрілді
Қай жердегі университеттер жаксы? ҚЫЗЫЛОРДА н/е АКТӨБЕ
Кайда окыган дурыс
Қаламызды қорламай Қызылорда деп жазыңызшы!
Белгісіз
Ол менин де КАЛАМ-КЫЗЫЛОРДА  КЫСКАША гой
Жахар. kz.orda деп жазса да ризамыз ғой )))

7 жауап

0 дауыс
Қызылорда жақсы дегім келеді сізге. Қызылорданың Қорқыт Ата атындағы атақты университетінде оқсаңыз болады. Ең тарихи бай университет сол - Қорқыт Ата атындағы мелекеттік университеті. Бізде бір жақсысы тоңбайсыз! Қайта кондер іздейсіз. Негізі Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетті Жайдарманнан Қорқыт құрамасы таныстырып жүр!Танысқыңыз келсе Жайдарман көріңіз!
0 дауыс
Қызылордада білім арзан(білім дегенде оқу ақысы дегенім ғой),ал Ақтөбеде білім жақсы.
Қызылорданың да білімі жақсы! Қызылорда да оқып қор болдым деген адамды көрмеппін.
Белгісіз
Білім жағынан Қорқыт университеті Ақтөбедегі Жұбанов университетінен алда. Сенбесең қара  kazakh boy : http://massaget.kz/bilim/bilim-ordalary/2858?answer
Сен Қызылорда мен Ақтөбенң мықтап салыстыруға кіріскен екенсің)))Қанша салыстырғанмен де екеуі де Қазақстанда ғо)Ең бастысы сол
Белгісіз
Қорқытта арзаны 240 мың теңге. Білім қымбат, бауырым.
ақшаға қызықтырмайды білім жағынан
0 дауыс

Негізі Қызылорда мен Ақтөбе университеттерін салыстырғанда Қызылорда озады.

Білім берудің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) құрған тізімі бойынша, алғашқы орында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тұр екен. Екінші сатыдан Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті орын алыпты. Үшінші орында  Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті орналасқан. Ары қарай:

4. Әуезов атындағы оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.
5. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.
6. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті.
7. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
8. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті.
9. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.
10. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
11. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті.
12. Инновациялық Еуразия университеті.
13. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.
14. Халықаралық білім беру корпорациясы. (КазБСҚА, Қазақ-Америка университеті)
15. Махамбет атындағы мемлекеттік университеті.
16. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универстиеті.
17. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлкеттік университеті.

18. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті.
19. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.

Ақпарт мына жерден алынды.

0 дауыс
Басқа сайттар не десе, о десін. Бірақ, Қорқыт университетінің дәрісі жоғары. Оны кез келген адам мойындайды.
0 дауыс
Әрине Қызылорда ғой. Білім сапасы өте жоғары.
0 дауыс
салем достар шындап келгенде Кызылордагы Коркыт Ата университети жакын, кызылордалык болганым ушин жактап отканым жок. алматыдагы ЖенПИден биздин универдин бедели жогары, оны бари мойындайды жане биледи
0 дауыс

Қай уивер болса да Қаз. білім министірлігі мақұлдаған жоба бойынша оқытады. Егер айырмашылық болса ол материалдық база, ғимарат, көрсеткі құралдар мен мұғалімдер сапасында болады. Білім игерудің ең басты көрсеткіші ол тәлімгердің оқуға ынтасы мен ізденісі болса керек. Егер ЖОО-ларды осы жағынан бағаласақ онда еш алалаудың жөні болмайды,бәрі өзімізге байланысты болып шықпай ма? Әрине кейде тұрмыстық жағдай да дегенін істетеді (Ата-анасы жалғызілікті болса, қаражат мәселесі  т.с. с.), ондай жағдайда әрине қол жетімді, жақын жердегі оқу орнын таңдаған абзал. Бір нәрсені ұмытпау керек Ломоносов Қызылорда да, Ақтөбеде де оқыған жоқ, сонда да Ломаносов болды емес пе? Қазірден өз қаласындағы ЖОО-ны мақтап, таласып  өзеуреген шәкірт, ертең үлкен маман қызметкер болып шықса тағы да сол өз жеріне қарай тартып, жұлмалайтын жершіл,рушыл болып шықпай ма деген қорқынышты ой келеді екен. Ал бұл Қазақстан атты ортақ отауымыз үшін өте қауіпті дерт. Сондықтан бұндай сұрақтарды қойғанда сауаттылық керек. Мысалы " Қазіргі уақытта қай оқу орнында оқыған тиімді?"-деп қойылса дұрыс болған болар ма еді деп ойлаймын.

...