Қай уивер болса да Қаз. білім министірлігі мақұлдаған жоба бойынша оқытады. Егер айырмашылық болса ол материалдық база, ғимарат, көрсеткі құралдар мен мұғалімдер сапасында болады. Білім игерудің ең басты көрсеткіші ол тәлімгердің оқуға ынтасы мен ізденісі болса керек. Егер ЖОО-ларды осы жағынан бағаласақ онда еш алалаудың жөні болмайды,бәрі өзімізге байланысты болып шықпай ма? Әрине кейде тұрмыстық жағдай да дегенін істетеді (Ата-анасы жалғызілікті болса, қаражат мәселесі т.с. с.), ондай жағдайда әрине қол жетімді, жақын жердегі оқу орнын таңдаған абзал. Бір нәрсені ұмытпау керек Ломоносов Қызылорда да, Ақтөбеде де оқыған жоқ, сонда да Ломаносов болды емес пе? Қазірден өз қаласындағы ЖОО-ны мақтап, таласып өзеуреген шәкірт, ертең үлкен маман қызметкер болып шықса тағы да сол өз жеріне қарай тартып, жұлмалайтын жершіл,рушыл болып шықпай ма деген қорқынышты ой келеді екен. Ал бұл Қазақстан атты ортақ отауымыз үшін өте қауіпті дерт. Сондықтан бұндай сұрақтарды қойғанда сауаттылық керек. Мысалы " Қазіргі уақытта қай оқу орнында оқыған тиімді?"-деп қойылса дұрыс болған болар ма еді деп ойлаймын.