+1 дауыс
10.7k көрілді
Сонғы кезде көп ұмытатын болдым, неге екенін білмим баяғыда, яғни 2013 жылға дейін оқыған заттарымды тез жаттап алатынмын. Ал қазір кеше оқыған затымды ұмытып қалдым. Мана тіпті Меломеннің атында ұмытып қалғанмын, зорға есіме түсірдім. Бұл туралы үйдегілерге айтқанымда олар наушник пен комптын әсері деп маған ұрысып берген. Менінше солай сияқты наушникпен өлен тындамасам өзімді бір түрлі сезінем, бірдене жетіспейтін сияқты болып тұрады. Ал компқа бір отырсам сол күйі отыра берем, өзімнен 1 жас кіші іңім жалынып, папама айтып зорға алат. Бұлардан қалай құтылсам болады???

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

21 ғасырда ұмытшақтықтың өзім білетін мына себептері бар:

  1. Стрестерден,уайымнан.
  2. Компьютер алдында ұзақ отырудан
  3. Ұялы телефонды өте көп пайдалану
Менінше сенін жауабын дұрыс сонғы кезде вкдан қорқынышты заттар оқып көп қорқатын болдым, тіпті көленкемненде шошитын дәрежеге жеттім содан кейін менде  стресс басталт. Жауабына көп рахмет!
сен қызсың ба, ұлсың ба?
Қалай ойлайсын?!)))* Әрине қыз
0 дауыс

«Ұмытшақтық нақты ауру дегеннен гөрі, көптеген аурулардың симптомы деген дұ­рыс» дейді «Арнур» неврология, эпилептология және ЭЭГ орта­лы­ғының бас невролог маманы Ораз­гүл Арынова. Оның айтуынша, ұмытшақтық әртүрлі жағдайда пайда болады. Мысалы, қан - бар­лық мүшелердің клеткаларына қо­ректік заттар мен оттегін жеткізе­тіні мәлім, ал егер сол қан құ­­ра­­мында бірдеңе жетіспесе, ми­дың жұмысы әлсірейді. Өйткені барлық ағзаның жүйелері миға бағынбақ. Ми соның барлығын реттеп отырады. Оған қоса, егер адамның тамақтану режимі дұрыс болмаса, қан айналымы бұзылса немесе бас миы қандайда бір жарақат алып, бір жері зақымданса, ұмытшақтыққа алып келуі мүмкін. Әлем көрсеткіштері бойынша невро­логиямен ауыратын науқас­тар­дың есте сақтау қабілеті ша­мамен 10-15 пайызға төмен бола­ды-мыс.

Толығырақ.

Және  "Шылым шегетін адамның жолдасы ұмытшақтыққа көп шалдығады" осыныда қарап шық.

Адамда есте сақтау қалай жүзеге асады?
Нерв импульстері бір нерв клеткасынан екіншісіне ацетилхолин арқылы беріледі. Жас ұлғая ол зат аз бөліне бастағанымен ол адамның есте сақтауына жеткілікті болады, алайда адамның байқампаздығы (внимание) төмендейді.

Эмоция арқылы берілген ақпараттар ұзақ әрі тез есте сақталады. Адамдар 5/1 есту арқылы, 3/5 көру арқылы, 4/5 біреудің көрсетуі немесе түсіндіруі арқылы жаттайды екенбіз. Сондықтан түсінбеген нәрсені сұраудан ұялмау керек.

Күндізгі сағат 10 мен 12 және кешкі 20:00 сағат аралығында мида оттегі қажеттілігі аз болады. Сондықтан қажетті ақпаратты сол кезде жаттаған дұрыс.

Қажетті ақпаратты жаттау үшін оны қайталай беруден еш пайда жоқ. ОЛ ақпаратта керек кезде есіне түсіруге қиын соғады. Қажет болатын ақпаратты жаттау үшін оны белгілі бір уақыт интерванынан кейін қайталап отыру керек. Бұл принцип шет тілін үйретуде кеңінен қолданылып жүр.

Тілдің ұшында тұрған сөзді есіңізге түсіруге ұмтылған сайын ол сөз ары қарай таңдайға жабысып шыпай қояды. Ол сөзді есіңізге түсіре алмаған сайын біз нервничать етеміз. Бұл жағдайда еске түсіру үшін адам ойын басқа жаққа аударып, сол сөзге біртіндеп оралу керек.

Көбінесе біздің немқұрайлығымыздың әсерінен жағымсыз оқиғалар орын алып жатады. Мысалы біреумен әңгімелесіп тұрып тамаққа тұз саламыз да, кейін айналып келіп тұзды тағы да саламыз.

Дүкенгеге барар алдында керек заттардың тізімін жазғанша оны жаттап алуға болады. Ол үшін керек заттарға номирация қою керек, мысалы 1. сүт, 2. қант, 3.шәй…

Нөмірлерді жаттау үшін өміріңіздегі сандарды қолданыңыз. Мысалы 17-сі анамның туылған күні, 16 куәлік алатын жас, 27 жасында мама мені дүниеге әкелді, 75 көкемнің туылған жылы т.с.с.

2009 жылы Германияда колорияны азайтудың есте сақтау қабілетіне тигізетін әсеріне тәжірибие жасалды. Бір топ адамға күнде не жеп жүр соны жеуді ұсынды, бірақ әр порциясынан 30 процент азайтып отырды. Екінші топтағы адамдардың тамағынан ештенені алмады, керісінше 20 пайыз майлы тағамдарды қосты. үшінші топтағы адамдардың порциясында ешқандай өзгеріс еңгізілмеді. 3 айдан кейін қайта есте сақтау қабілетін тексергенде бірінші топтағы адамдардың есте сақтауы 20 пайызға өскен. Ал, қалған екі топтағы адамдарда ешқандай өзгеріс байқалмаған. Ғалымдардың айтуынша колорияны азайту ол инсулиннің аз бөлінуіне әкеледі. Ол мидың есте сақтау қабілетін тітіркендіріп, есте сақтауды жақсартады екен.

Есте сақтау қабілетіміздің төмен не жоғары болуы тек өзіміздің еркімізде. Италяндық ғалымдардың пікірінше жұмыс пен оқу адамды ұмытшақтықтан жақсы сақтайды.

Ақпарт!

+1 дауыс
Адамның жасы ұлғайған сайын ұмытшақ бола бастайды.Кейде бірнәрсеге жұмсағысы келген баласының атын ұмытып, үйдегі бар ұл-қыздарының атын түгендеп шығады.

Немесе жұмыста біреуге тапсырма бергіңіз келсе, атын ұмытып «кім… кім… бері келші» деп отырғаныңыз.

Мұндай ыңғайсыз жағдайдан құтылудың жолы В1, 2, В 6 витаминдердің, Е витаминін, сондай-ақ бидайдың талқанын пайдаланыңыз, ал жұмыртқаға көп әуес болмаған жөн.Сондай-ақ, балықта, жаңғақта, шемішкеде жүйке жұмысын жақсартатын оттегісіз қышқыл көп.Бұлар мидың жұмыс істеу қабілетін жақсартады.
0 дауыс
Егер кітап оқып,спортпен айналысса ұмытшақ болмауымыз мүмкін бе?
Ұмытшақтық себебі өтеп көп.Көбінесе адам бойындағы аурулардан болады.Қазір ауырмайтын адам кемде кем шығар.Ауруыды анықтап емдеген жөн.

Әрине спорт пен кітап оқу пайдасы көп.Спорт сені физикалық күшті етеді.Кітап Рухани,ойлау жүйең артады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
3 жауап
...