0 дауыс
6.0k көрілді
Досым маған maxi чай "зиян" дейді , осы дұрыспа ???

2 жауап

+1 дауыс

Еліміздің нарығына шөліңді әп сәтте басып, сергітетін түрлі энергетикалық сусындардың сатылып жатқанына біраз уақыт болды. Көбіне ештеңеден бейхабар жасөспірімдер, жас-тар, тіпті ата-аналардың өздері баласының денсаулығына аса қатерлі улы сусын сатып әперіп жатқанын білмейді. Қай сауда орнына барсаңыз да, сусындардың түр-түрін көресіз. «Кока-кола», «Пепси-кола», «Спраит», «Макси шай» т.б. жастардың сүйікті сусынына айналды. Бұл сусындардың зияндылығы, әсіресе жас ағзаға қаншалықты үлкен зардап әкелетіндігі жайлы кейінгі уақыттта ғана айтыла бастады.

Еліміздегі дәрігер мамандар адамға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын бұл сусындардың құрамындағы әртүрлі хи-миялық қоспалардың орталық жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдықтыратынын айтады. Сонымен қатар энергетикалық сусындарды ұдайы тұтыну тахикардия, қант диабеті, психомотрлық қозу, жоғары дәрежедегі невроз, күйзеліс сияқты ауыр дерттерге душар ететіндігі ғылыми тұрғыда анықталған. Әсіресе, бұл аса зиянды сусындарды алкогольді ішімдіктермен қатар қолдануға мүлде болмайды. Әрі бұл сусындардың құрамына цикламат, аспартам деген арзан қант алмастырғыштарын қолданады екен.

Қызу пікір таласты толығырақ мына жерден оқыңыз.

–1 дауыс
Зиян деп айтатыны ол, тез тағамдармен (фастфуд) бірге ішу өте зиянды. Ағзаға кері әсерін тигізеді. Фастфудсыз жай өзін ішсе ештеңе болмайды ғой. Бірдеңе болатын болса Макси чай деген баяғыдан бері бар емес па?!
Қателесің. Зияны әлемге тегіс жайылған Кока Кола, Пепси сынды сусындарда бұрыннан бар. Макси чай солалардың ізімен іле-шала шыққан зияны орасан сусын. Мен көрсетіп кеткен жоғарыдағы пікір таласты толығымен оқысаң ойыңды өзгертерсің, бәлкім...
...