0 дауыс
823 көрілді
Менің денем кез-келген заттан аллергия беріп кетеді, (мысалы, жаз айында жаңа аяқ-киім алып кисем аяғым, қолыма сағат тақсам қолым т.б көп) бөртіктеніп қышиды. Ол неден болады және оған қайталанбас үшін  не істеуге болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Аллергия мазаламау үшін не істеуге болады?
Ең алдымен витаминдерге бай тағамдармен тамақтаныңыздар. Тағам түрлеріне аллергиясы бар адамдар гиппоаллергендік диета сақтауға тиіс. Ал шаң-тозаң иісі сезілсе түшкіре жөнелетіндер өсімдіктің гүлденетін кезеңінде қасына жоламау керек. Сондай-ақ, далада таңғы 6-дан 10-ға дейін жүрмеңіз. Себебі ол уақытта өсімдіктер тозаңды көп бөледі. Үйде жұмсақ ойыншықтар ұстамаңыз, жерге ковралан, кілем, палас төсемеңіз. Жалпы, тозаң түсетін заттарды ұстамауға тырысыңыз. Шаңсорғышпен жұмыс істегенде дәкеден жасалған ылғалды маска таққан дұрыс. Құрғақ, ашық, желді күні далада жүрмеуге тырысыңыз. Шаң-тозаң киім мен шашта жиналатындықтан киімді жиі ауыстырып отырған дұрыс. Даладан келген соң тезірек душ қабылдаңыз. Үй жануарларын ұстамаңыз. Бөлмеңіз құрғақ әрі күн түсетін болуы керек, оны жиі желдендіріп тұрыңыз.

Керек мәлімет
Аллергия инфекция емес, ол бір адамнан екінші адамға берілмейді. Дегенмен аллергиясы бар адамдардың балалары да осы кеселге бейім келеді, яғни дерт тұқым қуалайды.

Керек дерек
Статистикаға сенсек, жер шарындағы адамдардың орта есеппен 30 пайызы аллергиямен ауырады екен. Ғалымдар: «Енді он жылдан кейін аллергияға қарсы тұра алмаймыз» деп дабыл қағады. Олардың дерегі бойынша, 2012 жылы әлемнің жарты бөлігі аллергияға шалдығатын көрінеді.

Ақпарт!

 

...