+3 дауыс
2.0k көрілді
Құдашам мені өте қатты унатады, бірақ жүрейіе десем "болмайды" деп қоймайтын. Кейіннен оның себебін білдім. Ол менің алдымда бір жігіттен алданған екен (жаман мағынада емес, тек оны тастап кеткен). Содан соң "ешкімді  ендігәрі сүймеймін" деп өз өзіне уәде берген. Ол уәдесәнен айнып көрмеген және сертін бұзбайтын адам.

Мүмкін уәдені бұзудың "законный" жолы табылып қалар?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Әрине, "уәдені орындау", "аманатқа қиянат жасамау" - ол шариғат заңдарынан. Алайда, "ешкімді  ендігәрі сүймеймін" десе, егер де өзін мұсылманмын деп санаса -  ол қателеседі. Анығын Алла білер!!! Біріншіден -  Алланы сүю, екіншіден ата-ананы сүю, үшіншіден - жанұялы болып, Алла берсе перзенттерін сүю, яғни некелесіп жарын сүю - бұлар ислам заңдарынан!!! Ал егер осылардың бәрін бір ғана уәдеге қиса, ол құдашаңды қоя сал. Аллаға шүкір, басқа да қазақтың "қара домалақ, қиғаш қас" қыздары толып жүр емес пе...Ондай "тәкаппар жанға" жақындай бермегенің абзалырақ болар. Егер ол түсініп жатса құба-құп!!! Анығын Алла білер!!! Ал Шымкентше айтсам - құдашаңнан басқа қыз құрып қалды ма?smiley

Өте жақсы!
Дұрыс қой, бірақ жағдай былай:
"Люблю редко, но крепко"))
бауырым! Редко дегені несі. Солай редко редко деп жүріп 5-6 жылда 10-15 қызбен жүріп қоясыңдар ау осы.)))
Бес саусақ бірдей емес қой, ағасы.
әрине, Саған қосыламын Жұбатхан!
Шерхан деген менің інім, байқамай сұрақты інімнің атынан қойып жіберіппін. Кешірерсіздер.
+2 дауыс
Өз тағдырын өзі байлайтын ондай да уәде болады екен ғой ))) Шамасы, құдашаң жас қыз шығар. Жасөспірім кезде ондай уәделер айтыла береді. Сен оны шынымен де ұнататын болсаң, өткенге салауат, болашаққа аманат деп өз сезіміңді білдіріп, көндір.
Ол да жас қыз сіздер үшін))) Ол да мені ұнатады, бірақ уәдемді бұзбаймын деп қырсығады. Мен білетін қыздардың ішіндегі ең қырсығы. Мүмкін бүкіл Қазақстандағы ең қырсық қыз шығар))
0 дауыс
Кезі келіп бір жақсы жігіт жолығып қалса құдашаң уәдесін бұзбақ тұрмақ тас-талқан қылар. Сол кезде уәдесі туралы есіне саларсың.
...