+1 дауыс
381 көрілді

Неге тек қазақша бейнеклиптерді көрсететін(әйтеуір , таза қазақтілді) телеарна әлі жоқ? Мысалы, Хит тв қазақша бейнеклиптер береді, бірақ жартысы қайдағы бір жартылай жалаңаш шетелдің біз танымайтын "әншілерінің" бейнеклиптері. Муззонда солай. Ал қазақша музыкалы телеарнаны кім ашуы мүмкін? Сіз ашар ма едіңіз? Мүмкін, сіз ашарсыз? cool

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бірыңғай қазақша бейнеклиптарды ешкім де көрмейді, оны мойындауымыз керек. Себебі, біріншіден, біздің шоу-бизнес той-бизнеске айналып кеткен. Екіншіден, қазақша бейнеклиптардың сапасы шетелдік клиптермен салыстыруға да жарамайды. Үшіншіден, шетелдерде шоу-бизнес шоу-индустрия есебінде өте жақсы дамыған. Жарнамалау деңгейі (постерлер, дәптерлердің блокноттардың сырты, футболка бейсболкалар және т.б.) өте жақсы жолға қойылған. Миллиондаған адамдар шоу-индустрияда жұмыс істейді. Бір әншінің айналасында 500-700 адам жұмыс жасайды. Олардың қасында біздің әнші бишілер жетім бала сияқты бейшара күн көріп жүр.
жақсы жауапқа татырлық.
0 дауыс
Айтқаныңыз орынды. Ондай телеарна ашу үшін халық бізден, жастардан үміт күтеді. Ал көбісінің істегені анау шетелге еліктеп, жартылай жалаңаш киініп.....
0 дауыс
Ашылды Мади. Гакку тв деп аталады. Қазақстандық клиптерді көрсетеді. Ашқан Ерік Тастамбеков. Әзірге тек Отау тв да ғана көрсетеді. Күзден бастап кабельдік телеарналарда шығады.
Өз- өзіңе өстіп жауап берііііііп отыр дейсің ғой ))))))
...