Бірыңғай қазақша бейнеклиптарды ешкім де көрмейді, оны мойындауымыз керек. Себебі, біріншіден, біздің шоу-бизнес той-бизнеске айналып кеткен. Екіншіден, қазақша бейнеклиптардың сапасы шетелдік клиптермен салыстыруға да жарамайды. Үшіншіден, шетелдерде шоу-бизнес шоу-индустрия есебінде өте жақсы дамыған. Жарнамалау деңгейі (постерлер, дәптерлердің блокноттардың сырты, футболка бейсболкалар және т.б.) өте жақсы жолға қойылған. Миллиондаған адамдар шоу-индустрияда жұмыс істейді. Бір әншінің айналасында 500-700 адам жұмыс жасайды. Олардың қасында біздің әнші бишілер жетім бала сияқты бейшара күн көріп жүр.