+1 дауыс
13.4k көрілді
Осындай сөздер есiтiп қаламыз: " әлi комада жатыр"," комаға тусiп қалыпты" деген. Кома дегенiмiз не? Қалай шыгады комадан? Медицинада жиi айтылатын осы сөз туралы ақпарат керек .
Кома деген жан сақтау бөлімі деп аударылады.
Жан сақтау бөлімі -  "реабилитация".

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Түсіндіргенімше жазып көрейін, адамның санасының бірнеше түрі бар, мысалы анық сана - бұл кезде адам қоршаған ортаны бағдарлай алады, рефлекстері сақталған, кәдімгі біздей адамдар, ступор - бұл кезде адам қоршаған ортаны жағдарлай алмайды, мең-зең күйде тұрады мысалы шок болғанда, бірақ бұл кезде де рефлекстері сақталады яғни бетіне салқын су шашып жіберсен тітіркеніп қалады, естен тану деген де бар, және соңғы сатысы кома, бұл кезде адам қоршаған ортаны бағдарлай алмайды да рефлекстері де сақталмайды, бетіне су шашпақ түгілі қасынан бомба жарсан да сезбейді. То есть бұл адам өлген деген сөз емес, өйткені комада жатқан адамның қан айналыма, пульс, қан қысымы, жүрек соғуы баяу болса да сақталады бірақ ми қызметі бұзылғандықтан адам ояна алмай қалады, ми да толық істен шықты деуге де келмейді, мидың әр бөлігінде әр түрлі қызмет атқаратын орталықтар орналасады, мишықта тепе тендік сақтау орталығы бар, сопақша мида ас қорыту, қан айналы, тыныс алу деген сияқты маңызды орталықтар бар, сондықтан сопақша миға зақым келсе адам бірден өліп кетелі "қара құс" деп те атайды ғой сол жерді. Комада жату ұзақтығы адамның ауру дәрежесіне, адамның биологиялық ерекшелігіне байланысты. Тіпті 10-20 жыл, одан да көп жылдардан кейін комадан оянғандар тіркелген, наркоздан кейін оянбай қалу ғой былайынша айтқанда...
+2 дауыс
Көрем қыз! Сен бұл сұрақтың жауабын шынымен де білгің келсе, интернетті ақтарып көрсей. Бұл сайтта медиктер отырмайды )) Олардың қолдары тимейді.
Көркем қыз! қате басылып кетті ;)
Неге медиктер жоқ?! Бұдан да қиын  сұрақтарыма осы сайттан жауап алгам. Кутем, кiрсе жауап берiп қалар.
+2 дауыс
кома агылшын тилинен "comma" нукте деп аударылады.

мысалга, биткен кезде нукте койылады гой, сол сиякты нукте саганда, биттин деген магына))))
+3 дауыс
"Кома" -деген, "тірі өлік"-деген сөз, ол бінеше күннен бірнеше айларға дейін созылады. Құдай оның бетін әрмен қылсын.
0 дауыс
Кома (Соmа - терең ұйқы) - Толық есінен тану, сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияларының жойылуы және организмнің өмірге маңызды функцияларының реттелуі бұзылатын орталық жүйке жүйесі қызметінің терең тежелу күйі.
...