+2 дауыс
1.2k көрілді
Мәдениеттіліктің негізгі 10 ережесін жазсаңыздар.

Мысалы қолға су құйғанда нені білу керек,амандасқанда т.б.

4 жауап

+1 дауыс
Аз адам көпшілікпен бірінші болып амандасуы керек.

Кішкентай үлкенге "Ассалаумағалейкум" деп бірінші айтуы керек

Қолға суды бір қолмен құюға болмайды, екі қолмен ұстап төмендетіп құю керек әуелетпей.

Үлкеннің жолын кесіп өтпеу керек.

Үлкенге сөз қайтаруға, дауыс көтеріп  сөйлеуге болмайды.

Бейтаныс адамға "сіз" деп сөйлеу керек.

Сыпайы сөйлеу керек

Қатты қарқылдап куүлмеу керек

Ұрсыспау керек, ақылға келу керек

Ашуға ешқашан бой алдырмау керек

Ең бастысы Иманды болу керек
0 дауыс
Иманды қоспасаңдар болмайды осы )) Мәдениеттілікті бала кезден бастап бойға сіңіру керек. 15тен асқаннан кейін мәдениеттілікті үйрену қиын. Мәдениеттілік дегеніміз: біріншіден, сыпайылық. Екінші, білімділік. Үшінші, көпшілдік (общительность орысша). Мәдениетті адам ізденімпаз болады, саяси және өнер тақырыбындағы жаңалықтардан әркез хабардар.
0 дауыс
1. Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.

2. Өзгенің қателіктеріне күлмеу, керісінше, барынша көмек беру - әдептіліктің белгісі :)

3. Той-томалақта, өзге де жиындарда  үстелге отырысымен жайылған дастархан асын шайнап-жұтып-жеуге асығуға болмайды-мыс. Барлық қонақтардың ас қабылдау  рәсіміне дайындығын ескеріп барып, кірісу - жақсы әдет. Өте жақсы әдет.

4. Екі адамның әңгімесін бөлу кері тәрбиеңнен көрініс табады. Сондықтан өзгелердің ризығына бөленгің келсе, оларға  құрмет таныт. Бөлме!) _ шарасыздық танытқан жағдайдың өзінде адамға хабар жеткізудің, үндеудің сыпайы формулалары барын ұмытпағайсың.  

5. Биязы достым, дауысыңды күшейтпе. Ол әңгімелесушілердің арасында  қауырттылықтың пайда болуына себепші болады және сырттай назар аудартады...негативті назар.

6. Сабырлы, ұстамды бол :) _Эмоциясын қадағала алмайтын адамдар көпті көрген) .."Байсалдылық,сабырлық - жігітке тән" (c)

7. Бас киіміңді ғимарат ішінде шешіп жүргейсің. Осығай байланысты үстел үстінде де бас киімің басыңнан аулақ болғанын этикет құптайды.

8. Пунктуалдылық. "Кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен" дейді. Жақының елеңдесе, өзгелер дөрекілік санайды. Қазіргі уақытта бұл сән емес. Болмаған, болмайды да.

9. Кешірім сұрау репутацияңның төмендеуіне әкеп соқпайды. Жаңсақтығың үшін кешіріп сұра. Кешірімді бол және сыпайылықтың жаныңнан орын тепкенін меңзеп таныс емес адамға жүгінгенде, өзге де ситуацияларда  "кешіріңіз, ...." сөзін кеңінен қолданысқа енгіз.

10. Осы сайтта қазақ тіліне құрмет көрсетіп таза, қатесіз жазу үшін барыңды сал. Әсте қазақ болып жаратылдың-ақ :))
0 дауыс
сыпайы болып,сый косету

Ұқсас сұрақтар

...