Адам ақшаға емес, ақша адамға қызмет жасауы керек. Бірақ, қазір көпшілік адамдардың есіл-дерттері ақша болып кетті. Ақшаны жанынан артық көретіндер - жастайынан ақша ұстап көрмегендер, аяқ астынан байығандар, бала кезінде жоқшылық көргендер, финансистер мен биржа брокерлері.