+3 дауыс
822 көрілді
Шылым шегетiн жастар көбейiп кеттi. Мектеп оқушылары да тығылып шегiп журедi. Бiреулер улкендерге елiктеп шексе, бiреулер сән ушiн шегедi. Қутыла алмай жургендер де қаншама. Соңғы уақытта шылым тастаушыларга комек ретiнде электронды темекiлер пайда болыпты. Ол қандай темекi сонда? Шылым тастауга шынымен комектесе ме?
Екеуi де жақсы жауап. Рахмет. Қайсысын  ЖЖ деп таңдарымды бiлмей турмын.:/

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Электронды темекіні понс-сигара немесе е-сига-рета деп те атайды. Ол кәдімгі темекіге қарағанда ау-ырлау және ұзындау. Ортасына батарейка мен нико-тині бар картридж салынады. Батарейка картриджді қыздырып, никотиннің буы шығады. Бұл бұйымның бағасы арзан емес. Қуат бергіш құрылғысымен бірге 14-35 мың теңге аралығында. Электронды темекілер-ді 2003 жылы гонконгтық Ruyan Group Ltd компаниясы шығарып, патенттеген екен. Сатып алушылар аз болғандықтан маркетологтар тың идея тауып,
бұл темекіні шылым шегуді тастағысы келетіндерге ұсынған. Десе де, мамандар осы электронды темекінің құрамын тыңғылықты зерттеп үлгермегенге ұқсайды. Яғни, жан-жақты зерттеуден өтпей тұрып көпшілікке тарап кеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы электронды темекіні пайдалануға үзілді-кесілді қарсы. Мұндай темекілерде никотиннің мөлшері өте көп болғандықтан, керісінше, адамның ағзасының улануына себеп болады, электронды темекі шылым шегуден бас тарту тәсілі емес, керісінше ол денсаулыққа елеулі нұқсан келтіреді деп есептейді. Сондықтан да құрамы күмәнді темекіге әуес болмаған жөн.
+1 дауыс

Рас, қазіргі кезде Қазақстанда темекінің дәурені жүріп тұр. Бұл бизнестің шарық­тағаны сонша – қазір елімізде темекі өнді­ретін сегіз компания болса, соның небәрі біреуі ғана жылына 18 миллиард қорап шылым шығарады екен. Оның үстіне, сырттан 3 миллиард қорап темекі жеткізі­летін көрінеді. ҚР Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің есебі бойынша, жыл сайын те­мекі салдарынан 25 мыңнан астам қа­зақ­стандық көз жұмады. Ал дүниежүзілік есеппен қарасақ, жыл сайын 19 млн адам темекі салдарынан туындайтын әртүрлі аурулардан жапа шегіп, қайтыс болатын көрінеді. Қазір қысықкөз Қытай елі шы­лым­ның жаңа түрі – электронды темекі де­генді ойлап тапты. Алайда бұл өнім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынағынан өтпесе де, қытай­лықтар «бұл темекі шегуді тастауға көмек­теседі» деп жалған жарнама таратып, елді алдарқатып отыр. Ал Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының мамандары «бұл өнім толық зерттеуден өтпегендіктен, оның ел арасында сатылуына тыйым салу керек», – дейді. Тіпті Бразилия, Австралия, Түркия, Норвегия, Еуропа, Канада елдері бұл те­мекіні қолдануға тосқауыл қойған. Алайда қытайлықтар шығарған өнімдерін өзінің сынақ алаңына айналдырып алған – Орталық Азия, оның ішінде Қазақстанға шығарып, жарнамасын күшейтіп сатып отыр. Егер Қазақстан, Орталық Азия елде­рінің халқы бұл өнімді тұтынып, денсау­лықтарына зияны тимесе, онда «қауіпсіз темекі» бүкіл Еуропаның нарығына шыға­тын болады.

Ал еліміздің дәрігер-нарколог маман­дары бұл сынақтан өтпеген өнім болған­дықтан, оның сатылуына, тараты­луына тыйым салу керектігін айтады.

Нұрғали ИМАНБЕРДИЕВ, Республикалық нашақорлықпен күрес ғылыми-тәжірибе орталығының бас дәрігері, нарколог:

– Негізі, интернетті ақтарып отырсаңыз, бұл туралы алыпқашпа әңгімелер өте көп. Алайда бұған байланысты біздің орталықта арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүр­гізілмеген. Сондықтан оның анық-қанығын, адам ағзасына зияндығын нақты айта алмаймын. Себебі біз оның құрамында никотиннен басқа тағы не бар екенін біл­мейміз. Никотинді пропиленгликольдың қою буымен ішке сору қандай нәтиже береді, ол жағы да белгісіз. Дегенмен аме­рикалық ғалымдар электронды темекінің буын зерттеп, оның құрамында қатерлі ісік тудыратын негізгі химикаттың бар екенін анықтаған. Біз алдағы уақытта мұны ғы­лыми тұрғыда толық зерттеп, ресми мә­лімет беретін боламыз. Ал әзірге мұны нақ­ты клиникалық сынақтан өткізбей жа­тып таратып жібергеніміз дұрыс емес.

Электронды темекіні понс-сигарет және е-сигара деп те атайды. Оның түсі кәдімгі темекіге ұқсас, алайда сәл ауырлау және ұзындау келеді. Екі металл түтіктен тұрады. Ортасына батарейка мен никотині бар кар­триж салынады. Оның ішіне арнайы лам­­па орнатқан. Ол темекі тартушының ішке тарт­қанын, буын сыртқа шығарғанын сезі­ніп, сигараны ішке тартқанда лампа жа­нады. Бұл бұйымның бағасы қара ба­зарда 2000 теңгеден, ал электронды дү­кендерде 35 мың теңгеге дейін тұрады.

Электронды темекілер соңғы кездері кеңінен жарнамаланып кетті. Егер сатушы­ларға сенер болсақ, электронды темекілер кәнігі шылым шегушілер үшін денсаулық­тарына зиянсыз ғана емес, тіпті пайдалы кө­рінеді. Оның пайдасы сол – олардың кө­мегімен шылым шегуді оңай қойып кете аласыз.

Бексұлтан, электронды темекі сатушы:

– Маған сеніңіз, кәдімгі шылымға қарағанда понс-сигара қауіпсіздеу. Егер темекі тартатын болсаңыз, осындай шылым тартқан жөн. Өзіңіз сатып алып көріңіз, сонда көзіңіз жетеді. Кәдімгі темекі тұтан­ғанда шығатын иісі де, түтіні де, концеро­гендер де, басқа химиялық элементтер де жоқ. Бізден түрлі құрамдағы никотині бар картриж сатып аласыз да, мөлшерін біртіндеп азайта бересіз. Мұны шеккен кезде жағымсыз иісі болмайды әрі тісті сарғайтып, зиянын тигізбейді.

Ермек, электронды темекіні тұтынушы:

– Мен понс-сигараны жеті жарым мыңға сатып алып, қолданып көрдім. Темекі тартқан кезде ауыздан жағымсыз иіс шығатын. Ал мұнда ондай емес. Өкпең сау болатын секілді. Бірақ бәрібір шын те­мекідей болмайды екен. Қанағаттан­байсың. Темекі тартқышқа темекіні тұтату, оны сорғанда ұшынан қызаруын көру, түтінді рақаттанып шығару, күлін түсіру – мұның барлығы маңызды үдеріс. Тіпті темекінің шоғы фильтрге дейін жетіп, таусылуы да маңызды. Ал понс-сигарада ондай болмайды, сондықтан оны пайдалануды доғарып, бұрынғы темекіме қайта көштім. Электронды шылым темекіні қойдырады дегені өтірік. Батарейка темекіге тәуелділікті жоя алмайды. Оны тек ұшақтарда, сыртқа шығып шегуге болмай­тын кездерде уақытша өзіңді алдау үшін қажет.

Қалай десек те, арнайы дәрігер маман­дардың клиникалық сынағынан өтпей жатып, мұны елімізде сатылымға шығарып жібергеніміз қауіпті емес пе? Қытайдың құрт жемейтін алмасының өзі халқымыз­дың денсаулығына зиянын тигізіп жатқаны аздай, енді электронды темекілердің адам ағзасына басқа да аурулар таратпасына кім кепіл? Америкалық ғалымдар қазірдің өзінде оның қатерлі ісік ауруына алып келетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп отыр. Ал темекі шегушілікті қою электронды шы­лымға байланысты емес, әр адамның өзінің ішкі ерік-жігеріне байланысты жүзеге асады. Темекіні тастау үшін понс-сигарет сатып аламын деп қатерлі ісік ауруын сатып алуыңыз да мүмкін екендігін ескерген жөн.

Автор: Серік Жұмабаев

+2 дауыс
"Темекіні тастау оңай. Мен өзім бірнеше рет тастағам" деген екен Марк Твен )) Темекінің құрамындағы у деп жүрген никотин шындығында РР (никотиновая кислота) витамині. Ол адам ағзасындағы ас қорыту және нерв талшықтарының жұмысына араласады. Сол себепті, темекіні бірден қойып кету ағзаға көп күш түсіреді. Біртіндеп қоюға болады. Ал электронды сигарет керісінше, адамның темекіге деген құмарлығын арттырады. Себебі, онда никотин темекіден де көп.
Электронды сигарет барып турган темеки тартуга апаратын курал.Мен озим темекини тастаганыма 13 жыл болды.Оз кушинмен темекиден бас тарту ен абзалы.
...