+1 дауыс
80.9k көрілді
Аспандағы жеті қарақшы жұлдызының хикаясын кім біледі?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Шығыс пен батыс мифтеріндегі Жеті қарақшы

Қытайдың Шандұң өлкесіндегі Жяшяң елді мекенінің У -ляң тауапханасында үлкен бір жартас суреті бар. Оның бетіне Жетіқарақшы шоқ жұлдызының ғажайып нобай суреті салынған. Суретте Жетіқарақшыны күйме тәріздендіріп, сол күймеде Жетіқарақшы патшасы отырған етіп бейнеленген. Ежелгі батыс мифтерінде де Жетіқарақшы  айтылады. Ежелгі Вавилондықтар мен гректер осы Жетіқарақшы мен оның айналасындағы бозамық жұлдыздарды байланыстыра келіп, үлкен аю бейнесінде бейнелеген, сосын оны Үлкен аю шоқ жұлдызы деп атап кеткен. Ал грек мифтерінде Үлкен аю тегінде аса сұлу бір бойжеткен екен....

 

Қытайдың Шандұң өлкесіндегі Жяшяң елдімекенінің Уляң тауапханасында үлкен бір жартас суреті тұр. Оның бетінде Жетіқарақшы шоқжұлдызының ғажайып нобай суреті салынған. Бұл Қытайда қазірге дейін сақталып қалған Жетіқарақшы жұлдызшоғырының “Жетіқарақшы патшасының күймелі  суреті”деп аталып кеткен, жорисалынған бірден-бірсуреті. Суреттің ойарқауы  — Жетіқарақшы жұлдызыда, ол бұл түстінде заулап баражатқан, жетіқарақшы жұлдызынан құралған,  төбесі ашық күйме деп жорылып, оған астрономиялық миф те айтылатын Жетіқарақшы  патшасы мінген. Жетіқарақшы патшасы  аспансарайының  ортасынан ойып орын алады да,  күймесіне мініп, ғарыштың төртбұрышын тегіс шарлап көзден кешіреді. Жетіқарақшы  күймесінің асты – үстін бұлттар орап жатса, оң – солын айдаһарлар мен құстар  қорғап, алды – артында арбаға мінгендер, нөкерлер мен уәзірлердің тәжіметіп, ізет – құрмет көрсетіп жатқаны көрінеді. Назарды бірден өзіне баурайтын біржай: Сурет жобалаушысы Жетіқарақшының алтыншы жұлдызына таяу тұрған қосалқы жұлдызды қанатты періште рәуіштендіріп,  осы жұлдызды қолымен ұстап тұрған  етіп бейнелеген.

Қытайдың солтүстігіндегі көшпелі малшы ұлттардың мәдениетінде де Жетіқарақшы туралы мифтік хикаяттар  таралған. Моңғолдар Жетіқарақшы — мал баққан бақташаларды қолдап – қорғап тұратын жеті әулие немесе жеті қария деседі. Қытайдың сонау Юан династиясы кезінде Белансили деген адам Индияның «Жетіқарақшынамасын» қытайшадан моңғолшаға аударған соң,  Жетіқарақшыға табыну тіпті күшейіп кеткен. Юан және Чиң династиясы заманында Жетіқарақшыға табынудың  мәні жағынан да көшпелі мәдениеттің исі аңқып тұрды. Бұнда моңғолдар мәдениетінің белгілері өте – мөте көп деуге болады. Моңғолдар айына бір, жылына 12 рет Жетіқарақшыға арнап тасаттық береді. Оның нақты уақыттары мынадай: Қытайдың шаруалар календары бойынша 1-айдың  басқы сегізі, 2-айдың басқы төрті, 3-айдың басқы екісі (кейінде басқы бесі), 4-айдың басқы төрті, 5-айдың басқы бесі, 6 айдың жиырма үші, 7-айдың жиырмасы (кейінде отызы), 8-айдың онжетісі (кейінде он екісі), 9-айдың жиырмасы, 10 -айдың он бірі, 11-айдың он бесі, 12-айдың басқы сегізі (кейінде жирмасы) өткізіледі. Тасаттық бергенде киіз үйдің алдына ақшыл құм әкеліп қойып,  Жетіқарақшы жұлдызына балап жеті бөлек құм үйеді де, оның жанына жеті ғибадат шырағын орнатады. Табаққа салынған тілеу асын әлгі құм үймелердің алдына қойып, сосын құм үймені үш- үштен  тоғыз рет айналып шығады.

Түркі тілдес этностар да Үркер шоқ жұлдыздарын Жетіқарақшымен дәйім байланыстырып табынатын болған. Бұлай болу хақында да бір миф бар. Онда айтылуынша Үркер шоқ жұлдызы тегінде зиянкес құрттар немесе шіліңгір ыстық пайда қылатын бір түрлі хайуанат көрінеді. Сондықтан Жетіқарақшы жылқы(қамбар ата), түйе(ойсылқара)  немесе сиыр(зеңгі баба) тұқымдарына оны тапап тастауды бұйырады. Олар тапап,  мылжаланып кеткен паршалары аспанға шығып, жеті жұлдызға айналып кетіпті (яғни Үркер шоқ жұлдызына). Содан бастап ғалам салқындап адам да, мал да рахатты күн кешетін болыпты-мыс.

Жетіқарақшы туралы бірер ауыз сөз

Жетіқарақшы — аспанның Солтүстік жарты шарындағы Үлкен аю шоқжұлдызының ең жарық жеті жұлдызы. Аталған жеті жұлдыз шөміш пішінді иіліп солтүстік аспаннан өте анық көрінеді және ол Темірқазық жұлдызын жердің өз өсінде айналуына орай әр күні айналып жүргендей көрінеді. Жетіқарақшының жеті жұлдызының ішінде 1,8 жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыз – Ырық (Алиот) пен Ерік (Дубке) есептеледі. Және оның шеткі екі жұлдызы (ε және α) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жеті қарақшы шоқ жұлдызының төңірегінде көптеген галактикалар мен планетарлық тұмандықтар бар. Ең жақын галактика мен Жердің арақашықтығы 70 млн. жарық жылын құрайды.

Жетіқарақшы туралы ертедегі ата-бабаларымыз аңыз әңгімелер қалдырып кеткен болатын. Мысалыға мынадай ертегі бар."Тәңірі өз аттарын Темірқазыққа байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз сол Ақпоз ат пен Көкбоз ат есептеледі. Темірқазыққа арқандалған тұлпарларды ұрлау үшін жеті қарақшы жылқыны торуылдап, жайылған жылқының соңынан қуалап баспалап айналып жүреді. Бірақ әр күні таң атып кетіп олар қапы қалып отырады.» Одан басқа мынадай ертегі де бүгінгі күнге дейін жеткен. «Осыдан көп заман бұрын аспан әлемінде ағайынды жеті жігіт өмір сүріпті.Өздерінің ауызбіршілігі мықты, күшті, сотқарлықпен аты шығып жүріпті. Күндердің күнінде ағайындылардың бірі Үркер шоқжұлдызының Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, ұрлап кетіпті. Сол әрекетінен кейін оларды басқалар Жетіқарақшы атап кетіпті. Қыздарын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Қуып жеткенде олардың қырғын соғысынан ақырзаман болады дейді, аңыз. Ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың атаманы, жанында көмескіленіп тұрғаны сол Үлпілдек ару екен. Шын мәнінде зер салып байқап қарасақ, Жетіқарақшының сабы жағынан қарасыңыз Екінші әлде үшінші жұлдыздың түбінен әлсіз жарықты жұлдызды көресіз. Одан соң аспан әлемінің екеуі екі қарама қарсы тұсынан туса да таң бозарғанда бір-біріне өте жақындап қалады,».

Жетіқарақшы туралы грек мифологияларында да кездестіруге болады. Грек мифологиясы бойынша Зевс сүлу ару Каллистоны ханымы Гераның қызғанышынан құтқару үшін оны аюға айналдырып жіберген екен. (Кейбір аңыздар бойынша аюға айналдырушы Гера.) Бірақ Гера оны қуғындауын тоқтатпай әйел аңшы құдайы Артемидаға әлгі аюды атып алуды бұйырады. Сонымен Зевс Аюды ғарышқа шығарып жіберуге мәжбүр болады. Сөйтіп Үлкен аю шоқжұлдызы пайда болады. Ал, Темірқазық сол шоқжұлдыздағы өте жарық жұлдыздардан құралып, шөміш пішінді әйгілегендіктен, дербес те қарастырыла береді.

МЕНІН РУЫМ ЖЕТІКАРА ОСЫ КАРАКШЫЛАРГА КАТЫСТЫ
Белгісіз
+7 дауыс
Қазақта Жетіқарақшыға байланысты екі аңыз бар
Біріншісі: Темірқазыққа  Тәңір өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз – Тәңірдің ақбоз тұлпарлары. Ақбозат пен Көкбозат арқанмен Темірқазыққа арқандаулы – Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп торып, аттар қозғалмай, қағулы тұрған қазықты айналып, күзетті алдырмай, таң атып кетеді. Шынымен байқасаңыз Жетіқарақшы түнімен темірқазықты айналып шығады.

Екіншісі: Жетіқарақшы Үркердің (олда жұлдыз) Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып ұрлап кетеді.  Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді,жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Ең жарқырап тұрғанын қарақшылардың бастығы, жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған сол Үлпілдек дейді аңыз. Шындығында да Жетіқарақшы Темірқазықты айналып Үркер екуі жақындағанда таң бозара бастайды.
Қандай ғажап аңыздар. Осы сайтта түнде аспанға қарап уақыт анықтауға болама деген сұрақтар болды, осылай кете береді
0 дауыс
Мен билейді екенмін
0 дауыс
өте керемет рахмет көп көмектесті

Ұқсас сұрақтар

...