0 дауыс
2.0k көрілді
Менің тістерім  негізінде аппақ, түзу. Бірақ тамақ ішшем бірден сарғыштау болып кетеді. Неге олай және осы қалпында тісжегіден қорғау үшін тазалаудан басқа не көмектеседі?

5 жауап

0 дауыс
нан содамен шайсаң ағарады!
ол зиян деп естіген едім, дегенмен рахмет
зиянын білмедім бірақ мен солай жасаймын!
Рахмет, сенің тістерің қандай? тамақ ішсең бірденнен сарғаймайды ма?
+1 дауыс
Мына сілтемеде керемет жазылған:http://www.aikarakoz.kz/?p=1218 Сізге пайдасы тиер деген ойдамын!
0 дауыс
Тісіңізге күнделікті күтім жасамасаңыз, уақыт өте өзінің табиғи болмысын жоғалтып, сарғая бастайды. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Тістің арасында түрлі тағамдардың кофе, шай, дәрі-дәрмектің де ізі қалып қояды. Тіс пастасы тістің ұсақ дақтарын кетіргенімен, толық тазалай алмайды. Сондықтан мынадай әрекеттерді жасап көруді ұсынамыз. Ең алдымен тістің эмалын қалпына келтіру керек. Ол үшін мүмкіндігінше түрлі қоспалар қосылған сүтті емес, табиғи сүтті көбірек ішу керек. Күнделікті кешкілік ауызды су мен шай ағашы майынан (чайное дерево) дайындалған арнайы қоспамен шаюды ұмытпаңыз. Ол үшін 1 стакан жылы суға 3 тамшы шай ағашы майын қосамыз. Мұны тіс пен қызыл иектің күтіміне қолданса, жақсы нәтиже береді. Ол ауыз қуысындағы бактериялар мен жағымсыз иісті жоюға көмектеседі, тек басқа аурулар салдарынан шыққан жағымсыз иістерді кетіре алмайды. Бұл қоспаны тұрақты түрде қолдансаңыз, оң нәтижесін бермек. Сондай-ақ, тісті ағартудың ең қарапайым әдісі — кәдімгі ас содасы. Ас содасын ылғал дәкеге салып алып тісті сүртуге немесе тіс щеткасы арқылы ысуға да болады. Мұның нәтижесі бірден байқалады. Бірақ бір кемшілігі бар: тіс эмалі жұқа болғандықтан тез зақымданады, содамен тазалаған кезде ол тіс түбіндегіұсақ тастармен бірге тіс эмалының үстіңгі қабатын да тазалайды. Тістің түсі жақсарғанмен, эмалінің сезгіштігі әлсіреп, тіпті зақымдануы да мүмкін. Тамақ ыстық не салқын болса да тез әсер етіп, тітіркендіреді және басқа да проблемалар пайда болады. Ас содасымен айына бір рет қана тазалау керек, одан жиі қолдануға тыйым салынады. Бүлдірген (клубника) мен қойбүлдіргеннің (земляник) тіс ағартушы табиғи өнім екенін көпшілік біле бермес. Бұлар глюкоза мен қышқылдан (кислота) тұрады, сондықтан аталмыш жемістерді қолданған соң, тісті құрамындафторы бар пастамен мұқият тазалаған жөн. Бүлдіргенді езіп, щеткаға тіс пастасы секілді жағып пайдалануға болады немесе жемістің сөлін шығара отырып тісті сүртіп шыққан да жөн. Тісті ағарту кезінде қызылша, сәбіз, қара жидек (черника), көк жидек (голубика), шие секілді түрлі-түсті тағамдарды қолданбау керек. Қыша, кетчуп, соустан да бас тартыңыз. Кейбір тағамдарды жеген соң тісіңіз сәл боялып қалады да, ағартқан еңбегіңіз еш кетеді. Құрамында негізгі минерал кальций болғандықтан, тістер сәл сарғыш түс беріп тұрады. Өте қатты қарқынды тазалау тістің үстіңгі қабатын зақымдап,табиғи эма-лы бұзылады, ол қайта қалпына келмейді. Сондықтан күнделікті өмірде тісті ағартамын десеңіз, өте мұқият болыңыз және ағарту үшін аталған жемістер мен ас содасын айына бір реттен артық қолданбаңыз.
+1 дауыс
Тұзбен жуыңыз) Берік әрі қатты болады)) Менің әжем жасы 75-те ылғи ісін тұзбен жуады әлі күнге дейін бір тісі түспеген)))
+2 дауыс
Тісті ағарту міндетті емес. Табиғатында тіс сәл сарғыштау болады. Отбеливающая зубная паста дегендердің құрамында өте майда құмдар болады, олар тістің эмалін құртады. Тісті ағарту үшін ең дұрысы күніне бір түйір алма жеп тұр. Әрі дәмді, әрі денсаулыққа пайдалы )
...