Түнде сағат 2 : 30 шамасында машинамен алыс сапардан келе жатыр едім. Жалғызбын. Қасымда жан жоқ. Аздап ұйқым келіп қалғып отырдым. Сол кезде арттан бір кішкентай баланың жылаған дауысы шықты. Артқы орындықты қарасам адам жоқ. Бір мезгілде ана дыбыс қайтадан шықты. Баланың дыбысына бір әйел қосылып бақырды. Жүрегім аузыма тығылып қорыққаннан газды түбіне дейін бастым. Біллмеймін қанша скоростпен келе жатырғанымды. Машина шарылдап келе жатыр екен. Спидометрді қарасам 190 ға барып қалыпты. Қаланың шеткі аудандарының біріне келіп тоқтадым. Машинадан түстімде қаштым. Телефон соғып таныс балалардың қолы бос біреуін шақырдым. Не айтқаным есімде жоқ. қашып келіп бір дүкеннің алдында отыр едім. Әйтеуір ана бала келді. Қасында тағы біреулер бар. Бәрі барып машинаның багажнигін, артын түгін қалдырмай қарап шықты. Айналаны қарады. Ешкім жоқ. Әлгілерді сендіре алмайтынымды білдім. Машинам негізі бұрын айдалған, апатқа түскен екен. Бұл не дыбыс. Мен бұл дыбысты анық естідім. Айтпақшы мен жолға шығардың алдында багажникті ашып ішінен баклашкадағы суды алып машинаның терезесін жуып алған едім. Ол кезде багажда тек баклашка болды. Машина айдаудан қорқатын болдық енді.