+5 дауыс
589 көрілді

Ал СЖ сайтының қолданушылары! Мен сіздерге талдауы қажет сұрақ қойғалы отырмын." Мисс" терімізді осылай таңдауымыздың себебі не? Неге бұлай таңдайды? Атақ үшін осы фотодағыдай жүру керек пе?

image

Модераторлар,Редакторлар,Админ сұрақты өшірмеулеріңізді сұраймын! Халық көрсін ! Жағдайымыздың қандай жағдайда екенін! Ойланып бар қолданушы жауап берсінші!

Өз елінің қыздарының бұлай жүргенін қаламайтын азаматтар барына рахмет!Мұндай ой миларына келмек түгілі,мынаның фигурасы әдемі,мынанікі әдемі емес,тіпті осы кешке де соларды көру үшін ғана барғандар да бар шығар.

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бундай корлыкты ертедегi казактар корсе оздерiн намыстан атып олтiредi яки мына шала казак кыздарын олтiредi. Олгеннен сон о дуниеге барганда казактын уйыткысы болган каншама адамга не айтасын? Кай бетiмiзбен караймыз? Олар оз жандарын киып бiзге осыншама жердi, елдi, салт-дастур, гурп-адет калдырып аманат еттi. Ал бiзше?! Бiз кiмге аманат етемiз? Егер клен мангурт, улттык санасы жок ауру адам калса, ертенгi кунiмiз не болады?!..
0 дауыс
Мен бұл дұрыс емес деп ойлаймын адамды сырт келбетіне қарап қана сынамау керек қой
Орыстарға ергендегісі ғой! Менің жынымның келіп отырғаны осылай шешінгені! Қазақ аруы сайысындағыдай таза болмай ма дейм да?Неге бұлай таңдайды қыздарды! Неге қыздар осылай таңдалынады?
Белгісіз
Осылай өздерін таңдауға мүмкіндік берген қыздарымызда ұят жоқ деп ойлаймын.
Қазақ көйлегін киген сұлу қазақ қызына не жетсін!
Бұл қыздардан келін шықпайды Жезөкше шығады!
Белгісіз
+1 дауыс
Мен де осыған түсінбеймін,
+2 дауыс
Өте дұрыс сұрақ.Шетелге еліктеуден бізге абырой келмейтінін неге ұқпайды екен осы адамдар. Сонда ұйымдастырушылар осылай істеуге қысылмай ма екен?.....Көрген адам күлмей ме?.... Ауылдағы қазақтың аналары көрсе "бетім-ай" дейді.
+3 дауыс

"Мисс"  деген  шетелше атау емес пе?Бұл  сайыс  та  атына  заты  сай  болып  тұр  ғой.Қазақтарда мисс  деген атау  мүлдем болмаған.Сондықтан  оған ешқандай талап  айта  алмаймыз."Мисс" деген сайысты  шет елдіктер  құрап,оған өз талаптарын  қойып  тастаған.Амал Жоқ Бағынамыз.

Мұның  осылай өтуінің  себебін  аштым  деп есептеймін.Бірақ  мұндай  түрдегі  Мисс таңдауды  мақұлдайды  деп  ойлап  қалмаңыз!

–2 дауыс
Несі бар мүлдем жалаңаш тұрған жоқ ғой, фигураларын көрсетіп тұр, сайыс ережесінде бұл да болғаны да. Бір ерсі боларлықтай ештене көріп тұрғаным жоқ, сайыстың аты сайыс.
жалаңаштану деген, негізі үлкен саясат. (poolparty)
+2 дауыс
Алла сақтасын, нағыз зинақорлыққа жол ашып жатыр. Жахар мына видеоларды қараңыз,осы видеолар бәрін түсіндіреді жеп ойлаймын.



Көрдім негізі бұрында көрген болатынмын. Осыны бар қазақ көріп түзелсе елдің мәртебесі бір асқақтап қалар еді...
Белгісіз
Мына екі видеодағы отырған ана әйел кім? Жыным келім отыр күлгеніне
Белгісіз
Елімізді ойлап жатқан депутатқо))
Белгісіз
+1 дауыс
Бұл не масқара.Бұны мен білмейді екенмін.Бірақ мынаны көріп таңғалдым.Мисстіде осылай таңдайды екенғой деп.Сіздің ктерген мәселеңіз дұрыс.Менің ойымша бұл дырыс емес,бұлай таңдамау керек.Сізге +1
0 дауыс
Мисс деген конкурстардың қалыптасқан ережелері бар. Барлығы да сол ережелермен өткізіледі. Ал Қазақстанда Қыз сыны сияқты сыпайы ұлттық конкурстар бар.
0 дауыс
Сұрағың жақсы екен! Қазақ қыздарына осылай киініп (киініп деймін ау) шешініп шыққаны дұрыс емес. Біздің қазақтығымызды ұмыт қалдырған қыздар мен ұйымдастырушылар ай. Қызға Қырық үйден тыйым деген бар емес пе? Есті қыз етегін қымтап ұстар болар... Қайран қазақ? Қайда кетіп барасың...
...