Мен бір жігітті жақсы көремін, бірақ ол маған құда бала болып келеді(. Бұрын мойындағым келмейтін, бірақ казір ол адамды көп ойлаймын. Бұрын көп сөйлеспейтінбіз, алдында маған авторизация жіберіпті, 1 айдай жақсы сөйлесіп жүрдік , ал қазір менімен мүлде сөйлеспейді, неге екенін? Оның бет-әлпеті атақты жұлдызға ұқсайды, тіпті аумайды. Сол жұлдыздың фотоларын жинап жүрем. Апам сол жұлдызды "менің қайныма ұқсайды екен"деп айтып қоймайды, қайдан білсін менің оны жақсы көретінімді. Енді нестеймін, оған айтайынба? әлде жасырып жүре берейінбе? Кеңес беріңіздерші өтінем...