+1 дауыс
5.0k көрілді
Қазiр барлыгы дрожбен ашытады нанды. Бөлке нан да, лепёшка да барi дрож. Бiр -екi куннен соң дәмi бузыла бастайды. Әжеме жақпай жур, осы нандар. Кадiмгi ащыткымен ашытып жабыңдар деп ылги ұрсады. Ащытқы iздеп көп көршi уйлерге бардым, ешкiмде жоқ. Ащытқыны қалай дайындайды? Бiлетiндер болса дайындау тасiлiн жазып жiберсе. Алдын ала рахмет.

2 жауап

+2 дауыс
Оны зең саңырауқұлақтарының бактерияларынан жасайды деп оқыған секілді едім биологиядан
Жоқ, саңыраукұлақ бактерияларынан дайындайтын емес. Кәдiмгi уй жагдайында дайындайтын ашыткыны айтам.  Әжем бiледi, тек есiнде болмай тур ол кiсiнiң. Осыдан 20-25 жыл бурын сол қамыр ащыткымен ашытып жапкан нандарын, ол кезде дрож болмаган шыгар.
0 дауыс
0,5 литр су, 0,5 литр айран немесе айранның сары суы, 1 стақан ұн. Ұн екінші сұрыпты болса тіпті жақсы. Суды жылытып, айранмен араластырамыз да ұнды салып, қоюланғанша араластырамыз. Қаймақ тәріздес болғанда, көлемі үлкендеу ыдысқа құйып, жылы орап, қараңғы жерге екі тәулікке сақтап қоямыз. Сұйықтық қатты ашиды. Сондықтан ыдысыңызды молырақ етіп алғаныңыз дұрыс. Екі күннен кейін ашытқыңыз дайын. 1 нанға 5 қасық есебімен алыңыз да, наныңызды ашытып жаба беріңіз. Қалғанын тоңазытқышта сақтаңыз. Бұл сізге көп уақытқа жетеді. Ескере кететін жәйт, бұл ашытқымен ашытылатын қамыр ұзақ уақыт көтеріледі. Сондықтан, уақытын да белгілеңіз. Таңертең ашытқан нан кешке дайын болатынын ескеріңіз.
...