ХХІ ғасырда ең көп таралған аурулардың бірі — аллергия. Мамандардың айтуы бойынша көктем-жаз мезгілдерінде шаң-тозаңнан пайда болатын аллергиялық аурулар жиі кездеседі. Аллергия — ағзаның бөгде затқа деген сезімталдығының әсері. Ол ауадан, күннен, шаң-тозаң, гүл, өсімдіктер, тағам, дәрі-дәрмектер, бояғышзаттардың денеге кері әсерінен пайда болады. Аллергияның пайда болуына екі фактор әсер етеді. Бірінші фактор — тұқымқуалаушылық, екіншісі — жүре пайда болатын аллергия. Әдетте өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергияның түрлері өте көп. Бұл — маусымдық поллиноз, аллергиялық коньюктивтің кең таралған түрі. Сонымен қатар темекі түтіні, қоршаған ортаның ластануы, жәндіктердің әсерінен де аллергиялық дерт жиі пайда болады. Алматы қаласының өзінде аллергиялықаурудың 20-ға жуық түрі кездеседі, соңғы жылдары бұл ауруға шалдыққандардың саны30 %-ға өскен. Аллергия — жұқпалы ауру емес. Оның бір түрі — естен тану. Бұл екпе кезінде, сондай-ақ жәндіктердің шағуынан және аллергияны тудыратын тағамдарды тұтынудан болуы мүмкін. Анафиллактикалық естен тану әдетте бірнеше секунд арасында болады. Оларға шұғыл медициналық көмек талап етіледі. Пенциллиннемесе өзге де антибиотиктерден кейін естен тану болуы мүмкін. Дүкен сөрелерінде самсап тұрған көптеген тағамдар аллергияны қоздыруы мүмкін. Аллергологтар аллергиядан зардап шегіп жүрген адамдарға күнделікті тұтынатын тағамдардың тізімінжазуды талап етеді. Кей жағдайда сынақ адамның терісіне жүргізіледі. Яғни, білекке бірнеше өсімдіктің жапырағын немесе сабағын қойып, неден пайда болғанын анықтайды. Аллергологтар негізінен көкөністер мен цитрусты жемістерге шектеу қояды. Сонымен қатар шоколад, кофе, какао, қант және теңіз өнімдерінен де сырқаты қозып кететін адамдар да болады. Аллергиямен ауыратын нау-қастарға дәрумендер жетіспеуі мүмкін. Сол себепті мамандар төмендегідей кеңес береді. Мамандар кеңесі: — Күніне бір грамм С дәруменін қабылдау; — Тағам құрамында ақуыз, май, көмірсутегі жеткілікті болуы шарт. — Бөлмені желдетіп, ауасын жиі тазартып тұрған дұрыс. — Науқас жататын бөлмеде кілем, палас, жұмсақ ойыншықтар мен ортақ заттардың болмағаны жөн. Аллергияның белгілері: Науқастың көзі, мұрны және денесі дуылдап қышып, қып-қызыл болып қызарады. Мұрнынан су ағып, бітеді, көп түшкіреді. Аяқ асты жөтел пайда болып, терісі бөртеді. Сондай-ақ, тыныс алуы нашарлап, өкпесі тарылады. Науқастың денесі ісініп, тамағы тітіркенеді. Аллергиялық естен тану болады.