–2 дауыс
466 көрілді
Нағыз достар саны шектеле ме? 2 немесе 3 қана адам нағыз жан дос болады ма, әлде 7 , 8 адам жан дос болып жүре алады ма?
http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQMLO7JOpxYM7VXx6buINWDnVkYFUJ7MsIAindF_dByZHpahUxX
мысалы менің достарым көп. Бірақ жан доспыз деп есептейтін бақандай 6 досым бар. Бәріміз кезінде қиындықты бірге көріп өстік, бірге қыдырдық, бірге төбелестерге бардық. Ешқашан жай досым деп айткан емеспіз. Жан дос деп есептеймін бәрін

6 жауап

+1 дауыс
Нағыз достар аса көп болмайды, әрі кетсе 2-3 адам болар.
+2 дауыс
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Алайда бір-біріне деген сезімдері бірдей болу керек. Досы көп болған дұрыс.

Ертеде бір адам өлгелі жатыпты. Сөйтіп құдайдан:

-Е құдай маған өмір берші. Өлгім келмейді депті. Сонда құдай одан:

-Қанша өмір сұрайсың?- депті. Сонда адам:

-Талдын бұтағындай өмір берші,- депті. Құдай

-Жооқ. Ол көп болады,-депті.

-Онда талдың жапырағындай өмір берші,-депті.

-Жоқ олда көп,-депті құдай.

-Онда өзің айтшы қанша жас бересің деп адам сұрағанда құдай:

-Өмірде қанша досың болды сонша өмір берем дегенде әлгі адам о дүниге аттанып кетіпті.

Сонда әлгі адам өмір бойы дос емес,дүние жинаған екен....
–2 дауыс

Нағыз дос - ол 1 адам.Себебі сен 2-3 адамға қатарынан өз  сырыңды аша бермейсің ғой.(Менің жағдайымда солай)

–1 дауыс
Нағыз достар 2еу ғана бола алады.......
0 дауыс
Нағыз до шектелуі де мүмкін шектелмеуі де мүмкін.Пайғамбарымызда дос көп болған.
0 дауыс
Досы көпті жау алмайды демекші адамда дос көп болғаны да жақсы. Тек сол достарың іздегенде жаныңнан табылса болғаны. Көп дос болғанымен оның саған шын көңілмен көмектесетіні бір жарым-ақ. Осы туралы бір аңыз бар ғой.....
...