Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Алайда бір-біріне деген сезімдері бірдей болу керек. Досы көп болған дұрыс.
Ертеде бір адам өлгелі жатыпты. Сөйтіп құдайдан:
-Е құдай маған өмір берші. Өлгім келмейді депті. Сонда құдай одан:
-Қанша өмір сұрайсың?- депті. Сонда адам:
-Талдын бұтағындай өмір берші,- депті. Құдай
-Жооқ. Ол көп болады,-депті.
-Онда талдың жапырағындай өмір берші,-депті.
-Жоқ олда көп,-депті құдай.
-Онда өзің айтшы қанша жас бересің деп адам сұрағанда құдай:
-Өмірде қанша досың болды сонша өмір берем дегенде әлгі адам о дүниге аттанып кетіпті.
Сонда әлгі адам өмір бойы дос емес,дүние жинаған екен....