0 дауыс
704 көрілді
Өмiрден қатты түңiлгенде не iстеуге болады?

5 жауап

+1 дауыс
Тыныштық жерде музыка тыңдаған дұрыс!

Ең бастысы түңілдім деп ішімдікке салынып немесе өмірге бей-жәй қарап,тура жолдан таймау керек
мен қызбынғой,құрсын iшiмдiкке салынбаймын!
Ғафу етерсің,білмеппін
сонда да саған +1
0 дауыс
өмірден қатты түңілсен,шүкіршілік етіп таубеге келу қажет.Психологқа бар.Арасында бейітке барып құран оқытып кел.
қайдағы бейiт,қайдағы құран
0 дауыс
Психологиялық  кеңес :  қызықты  өмір  сүру  үшін   ...    

- ай сайын  жаңа  кітап  оқы , оқығандарыңды  көңіліңе  тоқы ,

   - икемің  бар  іспен айналыс , мыс. (ән  айту , би  билеу , шеберлік істер )

   - әрбір  демалыс  күніңе  жоспар  жасап, қызықты  өткізуге  тырыс ,

   - ертеңгілік  жаттығу  жаса , сергек  жүресің ,

   - ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа  көмектесіп  тұр.

   - әр айдың бір  күнінде  өзіңді  басқа  біреудің орнына  қойып  көр , содан    

    өзгеше  ойлап , тәлім  алуға  тырыс ,

   - әр  күні  кешке “ мен  бүгін  не істедім?” деп  өзіңе  есеп  беріп  үйрен ,

    - күнделік  жазуға  дағдылан , ол  сенің  ең  сенімді  серігің  бола алады .

Енді  осы  бүгінгі  іс – шарамыздың  соңында   “ Өкпені  еріту ” және

“ Тазару ”   жаттығуларын  жасайық.

___________________________________________________________________________________________

 

                              Өмір – көпір , от  үстіне  салынған ,

                             Діңгектері  зәндем  отқа  малынған .

                             Қоқу  білме , аяқтарың  таймасын ,

                             Ойнап  отпен , шарпу  көрме  жалыннан !

_______________________________________________________________________________________

Өмір – ол  адамға  бір – ақ  рет  берілетін  баға  жетпес  қымбат  сый . Осындай  сыйды  саған  сыйлаған  кім ?...

  Әрине  саған осындай  баға  жетпес  сый  сыйлаған  ең  қымбат  адамдарың ,

ол  сенің  ата – анаң .Сондықтан  оларды  ренжітпеуіміз  керек ,айтады – ғой,

“Анаңды  үш  рет  Меккеге  арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың”  -деп. Себебі , біріншіден  ол  саған  “өмір”  сыйлады , саған  жарық  дүние көрсетті , сені  өсірді , сенің  ыстығыңа  күйді , суығыңа  тоңды, түн ұйқы-

сын  төрт  бөліп  сені  аялады , тәрбиелеп  өсірді .

   Егер  саған  анаң  осындай  баға  жетпес  сый  сыйласа , сен  соған  лайықты  өмір  сүруге  тиіссің.

    Өз  өмірің , өз  әлемің  өз  қолыңда ! Біреуге  ренжіп ,біреуді  кінәлап , мін

тағу  дұрыс  емес . Өмірдегі  қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті  көтере  білу  керек. Жаңа , жақсы  ойлар  ойлау  керек.

Адам  өмірі  жеңіс пен  жеңілістен , сәттілік  пен сәтсіздіктен , қайғы  мен  қуаныштан  құралады . Міне  өмірдің  өзі  біле – білсең  сонысымен  қымбат.
Және мынаны да қарай өт: http://adyrna.kz/?p=4207
+1 дауыс
Көбінесе осы видеолар маған күш береды.



0 дауыс
Достарым мен көніл көтер диско текеге бар вот сонда  ашудын шаршағанын бәрі басылады?

Ұқсас сұрақтар

...