0 дауыс
3.1k көрілді
Адамга ай әсер ете ма, егер ай толганда?
Иә бар , сүйел кетіруге пайдасы бар ))))

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

 

Айкезбе

Айкезбе - аспандағы ай толысқан кезде кейбір сезімтал адамдардың өз-өзінен мазасынданып ұйқысы келмей, түн ішінде ұйқысырап тұрып кезіп жүріп кететін аурудың атауы. Айға байланысты халық жадында сақталған наным-сенім бойынша, айкезбе ай толысқан кезде құбыжыққа айналып, ай қайтқанда ол қайтадан қалпына келеді немесе жаңа туған айдың үшінші жаңасында қымбат метал күмістің тәңірісі ретінде адамға күштірек әсер етеді екен деседі. Айкезбе болған адам дағдылы қимыл-әрекеттерді орындайды, түн мезгілінде өзінен-өзі ұйқылы күйінде жүріп кетеді, кейде өзі білмейтін әртүрлі істер істейді. Ондай сырқатты бақсыға ұшықтатып емдеген. Дәстүрлі наным-сенім бойынша адам ай астында иен далада ұйықтап қалған кезде бетіне айдың сәулесі түссе, айдың шалығы тиіп есі ауып, аузы қисайып қалады деп санаған. 

Айкезбе бала төсегінен мектепке дейін барды

Айкезбелерді неге оятуға болмайды?

0 дауыс
Менің ойымша иә, әсер етеді. Ол айдың жерге тартылыс күшінің әр уақытта өзгеруіне байланысты. Мысалға ай толғанда кейбір адамдардың түңгі ұйқысының бұзылуы немесе тым қатты ұйықтауы, ұйқылы ояу жүруі тсс. Айкезбе деген бар ғой, ұйқтап жатып көзін ашпай орнынан тұрып жүруі
0 дауыс
Әсері бар сияқты, бұрында 1 қыз құрбыларымен құдық басына барғанда толған айға қараған, толған айды қыз ақ аюға ұқсатып, айға қарап күле беріпті, ертесіне қыздың жағы қисайып қалған, бұл болған оқиға, айды мазақтап күлуге қорқам өз басым.
...