+1 дауыс
700 көрілді
Өзіңіздің жүретін досыңызбен қалай достасыңыз?

6 жауап

0 дауыс
Өзім емес, басқалар "Сәлем атың кім? Қайдансың, логинин бар ма?" Әрі қарай осылай жалғаса береді. Немесе оған көмектеседі? Солай достасады. Немесе көрші болады, әлде бірге лагерге барады. Әйтеуір жолдары көп.
0 дауыс
Мен жан досымды оның мінезіне қарап достастым. Ол менің сыныптасым. Сыныптағы қыз-жігіттердің бәрі досым ғой. Бірақ жан досыммен оның мінезіне, менімен тіл табысуына қарап, бір-бірімізді түсінісіп дос болдық.
0 дауыс
Досымды сыныбымнан таптым, досты араласқанда табасың ғой, араласпасаң доссыз қаласың.
+1 дауыс
Досты қалай табасыз? Бұрын осы сынды сұрақты естімеппін)) +1 сұрағыңа...Көптеген достарымды  агент арқылы таптым.  Тіпті өзім  реалда танымасам да жақсы дос болып кеткен Ақтау, Атырау жақтың қыздары бар. Мысалы СЖ арқылы сайтпен жауап беріп, кейін лог алып, жаксы общ ұстайтын достарым бар. Сонымен қатар көрші қыз-жігіттер, лагерьге, дискоға  барғанда танысамын. Ал жан құрбымды 2-3 жасымнан білемін... Онымен қалай танысқаным шыны керек есімде жоқ))  Алғашында екеуміздің қарым-қатынасымыз жаман болатын. Ол қай ойыншықты алса мен таласып, мен қайсын алсам ол соны тартып алып дегендей)) Кішкентай болдық қой. Дос болғанымызға 12 жыл болады биыл))
+2 дауыс
дос боламын деп дос болмайсың ғой, Басында араласып таныс боласың. Сосын екеуіңнің ортақ әңгімелерің пайда болады. Бірге жүресің, бірге көресің талай нәрсені. Бір күні қарасаң уже доссың. Өзің де байқамайсың...
0 дауыс
Мен кішкентай кезімнен бірге өскен бір баламен доспын.Ол екеуміз көршіміз.Бір-біріміздің үйімзе барып,бір бірімізге көмектесіп жүреміз.Сырымды одан жасырмаймын,олда меннен жасырмайды.Міне менің досым.
...