–1 дауыс
4.4k көрілді
Қыршын кеткен бойжеткен бе, мағынасы қалай сонда? Қыршын кетті деп - өлген адамдарды айтатын сияқты еді, толықтырып айтасыздар ма екен тіл мамандары?
Кыз-кыркын дегендi бiлем. Ал кыз -кыршын дегендi естiмеппiн
Бостан-бос минустай беру жақсы емес.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жауапты қалай болса солай жауапсыз жазуға болмайды, білмесең жазбай-ақ қойған дұрыс болар. "Қыз-қырқын"-деген сөз тіркесінде тұрған еш әбестік жоқ. Бұрынғы кездерде қазақ ауылдарында қазіргідей тек қана қыздардың өзі жиналып баратын түнгі клубтар немесе кафе,сауық орындары болмаған. Ол кездің көңіл көтеру жиындары ақсүйек,алтыбақан,бастаңғы сияқтылар болған. Міне сол жиындарға қыздары бар үйлер сақтық мақсатымен бойжеткеннің жалғыз өзін жібере алмаған, оларға жеңгелерін,сіңлілерін,тіпті кейде кіші інілерін де қосып жіберетін болған.Ал бозбалалары мұндай сәттерді бос жібере алмай,соғып-кіріп кететін жайлары болған. Міне осыны байқаған үлкендер жігіт басыңмен қыз-қырқынның арасында не бар деп тиым салған. Бұл жердегі қыз дегеніміз бойжеткен де,қырқын деп отырғанымыз қасына ілесіп барған (апасы,інісі,жеңгесі сияқты) адамдар.

"Жауапты қалай болса солай жауапсыз жазуға болмайды, білмесең жазбай-ақ қойған дұрыс болар. " Сіз маған айтып отырған жоқсыз ба случайно? ))
Жоқ Гүлжан, мен ана "қыршын"-деген тіркеске жазғандарды айтып отырмын.
өте тамаша тойымды жауап, рахмет Jako
Жако ага минустаган мен емес, сенбесенiз админ далелдесiн. Кыршын деген соз турганга бар бiлгенiммен жауап бердiм, кате болса айып етпенiздер!
Мен жалпы айттым, ешкімге қаратып айтқан жоқпын.
+1 дауыс
Қыз-қыршын емес,"Қыз-қырқын" болар.
0 дауыс
Бiр үлкендер қарағаса "қыршының қиылғыр" дегендi де жиi еститiнмiн. Бiрақ мағынасын бiлмейдi екенмiн.
+2 дауыс

"Қыз-қыршын"  емес, "қыз-қырқын" деп айтады ғой...  "Ё-моё" дегендегі "Ё"- нені білдіреді, "Қыз-қыршын"  дегендегі  "қыршын" - нені білдіреді? Осындай сұрақтардан шаршамайсыз ба?! Бұны бір жақсы тіл мамандарына сұрақ ретінде қойсаңыз жақсы болар еді.   Түпкі мағынасына келетін болсам, Қыз  – «ханша» дегеннің орнына қолданылатын сөз. Ежелден хан-патша, тегін-тектілердің қыздары «қыз» деп аталып, қара халықтың қыздары «қырқын» делінген. Қыз-қырқын да бала-шаға, бұлан-талан, қызыл-жасыл деген секілді айтылған сөздердің бірі ғой. Сонша талқылаудың керегі аз деп ойлаймын!

а солай ма екен, онда біліп жүрейін!!! Бірақ ұрыспаңыз қарындас!!! Сұрағанның айыбы жоқ шығар!!!
)) Дұрыс түсінбедіңіз, мен сізге ұрысып тұрған жоқпын.... Сізге түсінікті болсын  деп нақтырақ айтып жатырмын!
0 дауыс
Қыршынынан қиылды деп жастайынан кетті дегені, ал қыз-қыршын емес қыз қырқын болады.
...