0 дауыс
1.6k көрілді
Қазақстанның сыртқы қарызы қанша? Бiрде жаналықтан естiп қалып едiм соңғы жактарын. Сырткы карызымыз бiр нарсе деп жатыр едi. Сол туралы толык акпарат кажет. Кайсы елден карызбыз? Ол каржыны неге алдык жане неге жумсадык?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 135 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл қаражатты еліміздің экономикасын дамытуға жіберіп жатқан болуымыз керек. Жалпы сыртқы борыштың басым бөлігін Қазақстан резденттерінің резидент еместердің алдындағы фирмааралық берешегі құрайды. Фирмааралық берешекке акцияны сатып алуды, акционер емес кәсіпорындардың жарғылық капиталына жарнаны салу және қайта инвестицияланған пайданы қоспағанда республикаға келген барлық тікелей инвестициялар кіреді.

Жан басына шаққандағы сыртқы қарыз көлемі шет мемлекеттерде қаншалықты тәуелді екенін көрсететін көрсеткіш болып табылады. Қазақстанда бұл көрсеткіш 8001 АҚШ доллары.

Сыртқы қарыздың ең маңызды көрсеткіші - cыртқы қарыздың Жалпы Ұлттық Өнімге қатынасы. Қазақстан үшін бұл көрсеткіш 67,3% көрсетуде.
Бұл көрсеткіш халықаралық нормадан 7,3% артық және бұл орта мерзімде сыртқы қарыз бойынша төлемқабілеттіліктің қауіпті деңгейде екендігін көрсетеді. Осы тәуекелділіктің деңгейін есептеу үшін басқа да көрсеткіштерге назар аударуымыз керек. Сыртқы қарыздың тауарлар және факторлық қызмет экспортының қатынасы бұл көрсеткіш бойынша 139,5%, басқа сөзбен айтсақ Қазақстанның сыртқы қарызды төлеуқабілеттілігінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.

Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін тағы бір көрсеткіш қысқа мерзімдік сыртқы қарыз көлемі. Бұл көрсетіш қалыпты жағдайда яғни 5,3%.
Тағы бір маңызды көрсеткіш бұл елдің халықаралық резервтерінің өтеу мерзімі бойынша қысқа мерзімді сыртқы қарызға қатынасы 115,6. Бұл дегеніміз қысқа мерзімде төлемқаблеттіліктің жоғары екенін көрсетеді.

135млрд $?! Сумдык екен. Жауапка рахмет.
+3 дауыс
Кезінде Қытайдан алдыққой!!Соны әлі өтеп бола алмай жатқан сияқты!
Кытайдан ба?! Канша алдык? Пайызымен кайтарамыз деп алдык па?
Соны өтей алмағандықтан ғой қытайлар қаптап кеткен жерімізде!!Қанша алғанын нақты  білмимін!!
Белгісіз
+2 дауыс
Мынау 07.06.2012 уақыттағы айтылған қарыздар: http://www.afk.kz/index.php/kz/karji-sektori/3201-syrtky-karyzymy-kansha

08.01.2013 уақытта қарыз - $129,3 млрд болған.

Қалған мәліметтер енді шығар.
Ия рахмет карадым. Грузиядан карызымыз бар екен, ал мына аралдардан неге карызбыз Сейшел,Геримсей,Бермуд ?! Олар кай елде?
...