0 дауыс
1.8k көрілді
Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер

1 жауап

+2 дауыс

Отыз жетінші сөз

1.Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігіненемес.

2.Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.

3.Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені деболады.

4.Кісіге біліміне қарай болыстық қыл: татымсызға қылған болыстық адамды бұзады.

5.Әкесінің баласы - адамның дұспаны. Адамның баласы - бауырың.

6.Ер артық сұраса да азға разы болады. Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.

7.Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтыңқарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.

8.Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан,пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - көп, ендеше, көпте ақыл жоқ. Ебінтап та, жөнге сал.

9.Адам баласын замана өстіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват.

10.Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды дегенкісінің тілін кесер едім.

11.Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соныңбасында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кімшыдайды? Соңғыға кім азбайды?

12.Жамандықты кім көрмейді. Үмітін үзбек - қайратсыздық. Дүниеде еш нәрседе баянжоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің! Қары қалың қатты қыстыңартынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді!

13.Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Егер де аузынан қарақан ағызса, домбыт мақтаншақ я қорқақ.

14.Қуанбақтық пен бақ - мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к...н ашпайтұғын,ақылы бойында қалады.

15.Егер ісім өнсін десең, ретін тап.

16.Биік мансап - биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшыпқыран да шығады. Жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды.

17.Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел, алдыңғы толқын - ағалар, артқы толқын -інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.

18.Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық; сақалын сатқан кәріден еңбегінсатқан бала артық.

19.Тоқ тіленші - адам сайтаны, харакетсіз сопы - монтаны.

20.Жаман дос - көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлтшалса, іздеп таба алмайсың.

21.Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақбол.

22.Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым - тұл.

23.Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғанатілейсің.

Ақпарат!

алдыңғы толқын ағалар
артқы толқын інілер
кезекпенен өлінер
баяғыдай көрінер  бул Қорқыттікі емеспа
Абайдың отыз жетінші қара сөзінде бар.
...