0 дауыс
Өкінішке орай, ҰБТ-дан жинаған балым өзім қалаған ЖОО-на (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне) түсуге жетпей қалды!  Енді не істесем деп ойланып жүрмін? Қаржы орталығының білім беру несиесін пайдаланып ақшаға оқысам ба деп те ойлап қоям. Қалай ойлайсыздар? Солай оқып жатқан немесе оқыған жандар бар ма екен? Несие алып армандаған оқу орныма оқысам қателеспеймін бе? Маған көмектесініздерші! Ақыл айтыныздаршы!
11.06.2013 515 қаралым

2 жауап

0 дауыс
Несие алудың қажеті жоқ.Несиені тек "Экстренный" жағдайда алу керек.Мысалға біздің университетте бір бала Несиемен оқыды.Бірақ бітіргеннен кейін несиесін жаба алмай жүр.Гумилев қымбат университет қой.
11.06.2013
0 дауыс
Бесіктен белің шықпай жатып, қарызға белшеңнен батасың деген сөз! Сол қалаған мамандығыңмен басқа оқу орнына түсуге болатын шығар,асықпай барлық варианттарды ойластырып көр.Мүмкін жақсылап дайындалып, келесі жылы қайта тапсырып көресің, бірақ бір жыл жоғалтасың.Асықпай шешім қабылда,қарыз алу оңай, ал оны үстемеп қайтару еңсесін көтермеген жасқа  өте қиын шаруа.
11.06.2013

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы