Өмірде махаббатсыз болмайды әрине. Бәрімізде сүйдік те, күйдік... Міне, менің де ретім келіпті. Бір жарым жылдай сол жігітпен жүрдім. Әскери қызметте жұмыс істейді. Айына бір екі рет кездесетінбіз. Сонда да күттім. Арамызда әрине, келіспеуушіліктер болатын. Соны бірдеңе ғып шешіп, татуласатынбыз. Өкініштісі ата -анасымен таныстырмады, ол жайлы түк те демеді. Ал менің арманым сол еді. Жуырда жұмысын қалаға ауыстырды. Әрине енді жанымда болады деп ойладым. Бірақ.... Екеуміз ренжісіп қалсақ болды,сол сәтте артқа бұрылып кетіп қалады. Міне, енді оралмайды. Хабарласпайды. Жүрегім тиыш бермейді, оны ойлап мазам кетті. Не істерімді білмеймін. Мәселе мүмкін менде шығар. Қай жерде қателескенін білмеймін. Білемін,ол кештерді босқа өткізіп жатқан жоқ. Сол үшін жылай беремін. Менің арманымды да үмітімді де ақтаған жоқ. Мен оны күттім, ал ол болса... Әрине, оның алдында жігітім болды. Аллаһтың берген уақыты бар ғой. Уақыт өте оны ұмыттым. Ал бұл жігітпен не істесем. Басқа жаңа өмір бастағым келмейді. Шаршадым. Жасым болса 22 келді. Жігітпен танысу, сөйлесуде мәселе жоқ. былай қарасам, тұрмысқа шақырып жатқан жігіттер аз емес. Бірақ енді қалай мен онсыз болам. мен оған қатты үйреніп қалдым. Қоңырауын күтемін, немесе пәтеріме келе ме деп терезеге қараймын. Ол да мені сағынып жүр деп ойлаймын. Мен үшін бәрін де істеді, аямады. Бірақ арамызда келіспеушіліктер жиі болады. Менің хабарламамды оқып, мүмкін мені түсініп, маған ақыл-кеңес айтатындар болса, жазыңыз. Мүмкін бұдан бірдеңе өзгереді... Рахмет!