0 дауыс
3.4k көрілді
Кейінгі кезде мен сыртқа көп мөлшерде ақша шығарып жүрмін.Қалай үнемдесем екен?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
1) Ақшаны не үшін үнемдеу керектігін білгеніңіз абзал.
2) Үнемшіл болғанның аямшақ болу еместігін түсініңіз. Ақшаны күтіп ұстаудан ұялмаңыз. Сіз қажетті нәрсені жүзеге асыруыңыз қажет.
3) Ешқашан қолыңыздағы бар ақшадан артық шығын жұмсамаңыз. Себебі ол тек қана ақша шығынына әкеп соқтырады.
4) Банктен қарыз алатын кезде, аса мұқият болыңыз. Ол үздіксіз процесс сынды. Сіз барлық қарызыңыздан құтылып, үнемді өмір сүре бастадыңыз, бірақ сіз осы ақшаны қолыңызға алған кезде... Оларды бей-берекетсіз жұмсап жіберуіңіз мүмкін.
5) Үнемшіл достарыңызды қолдаңыз. Дос деген – оқу оқыған кездегі жаныңызға ең жақын адам және әдетте Сіз барлық жұмысты солармен бірігіп істейсіз. Егер Сіздің достарыңыз кафелерде тойлатып жүргенді ұнататын болса, онда Сіздің ақшаны үнемдеу жолыңыз ұзақ болмақ.
6) Қандай жолмен болса да, қарыз алмауға тырысыңыз. Бұл өмірден біз ешқашан барлығына бірдей қол жеткізе алмаймыз, кейбір нәрселердің мүлдем біздікі болмасы да анық.
7) Кредиттік карточкадан жоқ, тағы да жоқ  деп бас тартыңыз. Алтын заңдылық бойынша, Сіз қандай да бір нәрсеге қол жеткізе алмай қалсаңыз, оны алу үшін келесі айларда ақша жинауыңыз қажет.
8) Қолданылған оқулықтарды ғана сатып алыңыз.
- жоғары курстағы студенттермен достасып жүріңіз, мүмкін солар Сізге өз оқулықтарын сыйлап қалар,
- алдағы уақытта Сіздердерге де өтетін пәнді оқып жүрген жоғары курс студенттеріне әрдайым жақын жүріңіз. Олардан: «Осы пәнге арналған оқулық шын мәнінде қажет болды ма?» деп сұраңыз – кітапханаға жиі барыңыз. Егер оқулық күнделікті қажет болмаса, оны кітапханадан алып оқыңыз.
9) Ұсақ-түйек дүкенінде жүрген болсаңыз, бірер секундқа тоқтаңыз. Алдыңызда майда-шүйдені сатып алу қажет пе, әлде ол аса қажет емес пе деген таңдау тұрса, онда оны сатып алмастан бұрын жақсылап ойланыңыз. Ол сізге шын мәнінде қажет пе? Бұл мәселе бәрімізге де қатысты, сондықтан әр дүкенге кірген сайын сатып алатын әр затыңыздың мақсатты қажеттілігін анықтап алыңыз.
10) Зат сатып аларда аса мұқият болыңыз. Жеңілдігі бар жерлерден ғана сауда жасаңыз. Бірақ соның өзінде жеңілдік берілгенге дейінгі ол заттың бағасын біліп алыңыз. Кейбір сатушылар жеңілдік жасар алдында атаулы заттың құнын көтеріп жібереді. 70%-ға жеңілдік берілгенімен, шын мәнінде оның 20%-дық дәрежеде ғана болуы әбден мүмкін.
11) Шылым шегуді доғарыңыз! Осы бір жаман әдеттен арылсаңыз, ақшаңыздың қаншалықты үнемделетінін ойлап көріңізші. Қиынға соғары түсінікті, әрине. Интернеттен шылым шегуді доғарудың жолдарын іздеңіз. Солардың кейбіреуі Сізге де көмек көрсетіп қалар. Менің бір досым жүрегі айнығанша шылым шегіп алғаннан кейін расында оны мүлдем қойып кетті.
12) Үнемі жаттығу жасап тұрыңыз. Денсаулығыңызды сақтаудың арзан жолы. Бұл жерде мен студенттік жылдар туралы ғана айтып отырған жоқпын. Бұл – өмірлік жетістік.
13) Пайдалы асты ғана ішіп, зияндыларынан бас тартыңыз. Жылдам дайындалатын тағамның зиянды екенін әрқайсымыз білсек те, одан әлі бас тарта қойған жоқпыз. Дәл қазір соны тоқтатудың сәті туып тұрған кез... әсіресе, біз осы ақшаны өз болашағымыз үшін сақтап қойғымыз келсе.
14) Бір нәрсемен айналысыңыз. Бадминтон ойнауды бастап, маркаларды жинауды әдетке айналдырыңыз. Егер Сіз белгілі бір нәрсемен айналысатын болсаңыз, дүкен терезелерін сығалап, үйге киім толы пакетпен оралуыңызға уақытыңыз жетпей де қалады.
15) Мотоцикл мен машинаға құмар болмаңыз. Университет аумағынан аса алыс тұрмайтын болсаңыз, оларсыз-ақ өмір сүруге тырысыңыз. Менің сөзіме құлақ ассаңыз, бұл өте ыңғайлы. Сабағыңызға жаяу немесе велосипедпен келсеңіз қалай болады? Неге олай істемеске? Денсаулығыңыздың жақсарары анық.
16) Ұялы телефоныңызға аз ақша жұмсаңыз.
- Тиімді пакетке ауысыңыз.
- Аса қажет жағдайларда ғана қоңырау жасаңыз.
- SMS немесе email қызметін пайдаланыңыз.
17) Тамақты өзіңіз жасаңыз. Дайын асты сатып алғаннан гөрі оны өз қолыңызбен жасағаныңыз анағұрлым арзанға түседі. Мен оны өз тәжірибемнен де өткізгенмін, тіпті бір тамақты арнайы сатып алып, салыстыру үшін оны өзім жасап көргенмін.
18) Көңіл көтерудің аз шығынды жолдарын іздеңіз. Интернет-ойынын Интернет кафеге барып ойнағанның орнына, компьютері мен Интернеті бар дос тауып, соның үйіне барып ойнаңыз.
19) «Қалаға» аз шығыңыз. Қалаға қыдырып шыққан сайын шығыныңыз көбейе береді. Оны әр кезеңде ғана жасаңыз. Әр демалыс сайын сауда жасауға бармай-ақ қажетті заттардың тізімін жасап алып, оған айына бір рет бір күнді ғана арнаңыз.
20) Қосымша ақша табыңыз. Мүмкін Сіз компьютер жөндеуді білетін шығарсыз, өз қызметіңізді ұсына отырып, бірнеше хабарландыру іліп қойыңыз. Бірақ, қосымша ақша табу жолын дұрыс таңдаңыз. Біз Сізге ақшаны жоғалтуды емес, табуды тілейміз.
21) Жазғы демалыс кезінде жұмыс істеңіз. Қосымша ақша тапқаннан бөлек, Сіз болашағыңызға қажет мол тәжірибе жинауыңыз мүмкін.
22) Соңында айтарымыз. Жоғарыда айтылғандардың барлығы бірнеше долларыңызды үнемдеуге жол ашса, олармен не істер едіңіз? Барлық жинаған қаражатыңызды бірақ жұмсай салсаңыз, оның еш мәні болмайды. Соңғы кезекте Сіз жинаған қорыңызды тұтасымен банкке апарып, депозитке салып қойғаныңыз жөн.
+2 дауыс
ақшаны үнемдеуге менің шамам келмеді қолда барды көп мөлшерде жұмсап азайған сәтте өкіне бастайм ақша өз қолыңда болса жұмсала береді екен содан кейін өз-өзімнен аяп жұмсамауды үйрендім әркім ақшаны өзі тапса қадырын жақсы түсінеді жұмыс жасау арқылы үнемдеп үйрендім.
+2 дауыс
Ақшаңызды үнемдегіңіз келсе, әуелі қолыңызға ақша түскен кезде тізім жасап, өте қажет деген заттарыңызды ғана алыңыз. Сонсоң асығыс болмасаңыз жаяу жүріп көріңіз(автобус, таксилерді ұмытып). Ой ол тиын-тебен дерсіз, бірақ көп түкірсе көл деген емес пе?! Сол ақшадан да біршама қор жиналуы мүмкін. Сонсоң қазіргі кезде банктерде депозиттер ашылуда артық ақшаңыз болса салуыңызға болады.Есесіне үстеме пайыздар қосылады.
+1 дауыс
Финанстық сауаттылыққа үйрену керек,онысыз тірлігің алға баспайды.Ақшаны көп тапқан сайын көп жұмсайтын боласың.Сондықтан,инетте финанстық білім жайлы кітаптар баршылық,бірақ қазақ тілді біреуін де көрмедім.Орыстілі соншалықты қиын емес қой,оқып-үйрен.В.Савенок"Лично финансовый план"
.В.Савенок"Лично финансовый план",осы кітаптың сілтемесін қоя алмас па екенсіз?
http://forinbuss.com/vedenie-finansovogo-plana
Белгісіз
...