+2 дауыс
6.1k көрілді
Майсана майын жағып едім тараған сайын түсетін болып кетті, сосын интернеттен оқып ащы бір крем жасадым өсіру үшін ол да қажет болмай қалды.. Шашымды жуған кезде туйіліп-түйіліп 10 шақты шаш бірден жұлынып түседі, басымды жуа беруге де қорқамын, бірақ өзім шашымды бұрын көп үтіктейтінмін, сосын Алматыға оқуға түскен едім шашым одан сайын көп түсетінді шығарды, мамандардан сұрап едім Алматының суы ащы, хлоры бар, аптекадан майсана майын жақ дейді. Бірақ зияны болмаса, түкке де пайдасы жоқ оның. 3-айда қалай қалпына келтірсем болады шашымды? Жасым болса 18-де, қайта өсудің орнына...  Шашым әлде де бұйра жұқалығы білінбейді..)

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Қандай маманға барғаныңды айтпапсың. Шаштың мәселесімен  дәрігер трихологтар айналысады.Және бұл мамандарды жәй емханадан таба алмайсың.Сондықтан ақылы емханаға барғаның жөн.Майсана майы деп айтып отырғаның  орысша репейное масло деген бе? Ол өте жақсы көмектесуі кернек еді, мүмкін нұсқауындағы ережені сақтамаған шығарсың? Оны шашқа жақпайды,оны шатың түбіне массаж жасап жағады,және жағар алдында 38-40 градусқа дейін жылытып,таза жаңа жуылған басқа жағып сосын полиэтилен қалпақ киіп,жылы қалың орамалмен байлап,жарты сағаттай уақыт өткен соң  басты шампуньмен жуады.Егер жуынатын су кермек болса онда басты қайнаған суға немесе,шаш жуатын суға лимон шырынын тамызса кермектігі кемиді.Жалпы шашты шампуньмен жуып болған соң шөп қайнатпаларымен шашты шайған -те пайдалы. Ондай шөптерді фитоаптекалардан алуға болады және олар мына шөптер: цветки ромашки и календул,крапива,корень лопуха... Шашты ыстық фенмен кептірме!. Егер бұл көмектеспесе онда қан аздық, нмесе йод кальций сияқты элементтер организміңе жетпей жүрген болуы да мүмкін. Гемоглобиннің қанша екенін анықта! Қалқанша безді тексерт! Бас терісінің аурулары болуы да мүмкін,және оған таң қалма,ондай ауруларды санитарлық нормасы бұзылған  шаштараздардан  бір барғанда ақ жұқтырып алуың мүмкін.Сондықтан қалтаңнан қимасаң да  ақша шығарып, репутациясы өте жақсы ақылы емханалардан трихолог маманға көрінгенің дұрыс.
Көп рахмет. Өте нақты, құнды жауап!
+1 дауыс
1-ші жауап берген кісі дұрыс айтады. Менің де шашым көп түседі. Дәрігерге қаралсам, қалқанша безден бөлінетін гормондардың дұрыс бөлінбеуінен екен.Сондықтан, эндикринолог маманға көрінген дұрыс деп ойлаймын. Сәттілік тілеймін! (Алақаның терлей ма, ашуланшақсың ба?!)
(Алақаның терлей ма, ашуланшақсың ба?!)
неге олай сұрадыңыз?)
0 дауыс
Шаш түсуге қарсы                            Бір кішкене пиязды блендермен немесе үккішпен майдалап, біртектес ботқа жасаңыз. Оған екі қасық майсана майын қосып, мұқият араластырыңыз. Осы масканы шашқа, шаш түбіне, бас терісіне жағып, шашты целофанмен ораңыз. Үстінен қалың орамалмен орап, шашта 2 сағатқа қалдырыңыз. Уақыт өткеннен кейін, шашты сусабынмен жағымсыз иісті кетіріп жуыңыз.ейинги кезде коп уайымга салынган боларсыз...содан да шаш коп туседи. Мына масканы жасп кориниз маган комектести.!
Шаш түсуін кемітетін маска    2 ас қасық құрғақ қыша ұнтағына 1 жұмыртқаның сарысын 2 ас қасық майсана майын 2 ас қасық су қосамыз. Араластырып, шаштың түбіне, бас терісіне жағып, 15-20 минут жүріңіз. Артынан жууды ұмытпаңыз.  
...