0 дауыс
Мен аркашан конилди журемин,жане ол озиме унайды! Ал кейбир адамдар жактырмайды! Конилди болып журген жаман ба?
10.06.2013 704 қаралым
Рахмет сиздерге,коп-коп. Ризамын.хех

3 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Мынауыңыз менііңше орынсыз сұрақ, Керісінше ол жақсы ғой. Жан-жағыңыздағы адамдардың сөзі мен көзіне қарап емес өзіңізге жарасатын ұнайтын жағыңызға түзеліңіз
10.06.2013
Оралыңның барында ойна да күл
0 дауыс
Күлкі-ұзақ өмір кепілі деген күліп ойнап жүргеніңіз жақсы ғой, алайда өзіңіз ғана күле бермей жаныңдағыларыңыздыңда көңілін көтеріп жүріңіз сонда сізге жақтырмай қарайтындарын кояды.
10.06.2013
+2 дауыс
Қызық! «Өмір өтіп бара жатыр» деп жиі налимыз, бірақ жүрегіміздің түбіне терең үңілсек, сол өмірдің шынымен өтіп бара жатқанына өкініш таппаймыз. Қызық! Қолымыздағы 100 теңге садақа үшін беруге көптік етеді, ал «сол 100 теңгеге базарға барып сауда жаса» десе күлкіміз келеді. Қызық! Бір күннің бір жарым сағатын құлшылыққа арнауды қиынсынамыз, ал 90 минут болатын футболдың қызықты өткені соншалық, қалай аяқталғанын байқамай қаламыз. Қызық! Футболда қосымша уақытқа келгенде көгілдір экранға кіріп кете жаздаймыз, ал рамазан айындағы қосымша құлшылықтарды көпсінеміз. Қызық! Дұға жасап жатқанда сөзге сараң боп қаламыз да, ал біреу жайлы өсек айтқанда аузымызға тоқтау таба алмай қаламыз. Қызық! Құраннан бір парақ оқуды көп көреміз, алайда «Жұлдыздар отбасын» оқығанда 30 беттің аз уақытта аяқталып қалғанын байқамай қаламыз. Қызық! Концерттік бағдарламаларға барғанда алдынғы қатарға отыруды қатты қалаймыз, бірақ мешітте соңғы қатарлардан орын алуға тырысамыз. Қызық! Жұма намаздарына барғанда имамның аузынан естіген уағыздарымызды өзгелерге жеткізуді жөн деп білмейміз, бірақ ел аузында жүрген өсек-аяңды теріп әкеп, дастарқан басында шашып саламыз. Қызық! Күнделікті сериалдардың басталуын сабырымыз таусылып тұрып күтеміз де, ал намаз уақыттарының өтіп бара жатқандығына еш алаңдамаймыз. Қызық! Өмірдің өткінші екенін ойлап, өлгіміз келмейді, солай бола тұра жұмаққа кіруді армандаймыз.
10.06.2013
Ақиқат...
Наглый қазақ не деген керемет, ақиқат сөздер +1. Сен бұл сөздерді қайдан алдың?
МашАллах! Мына бир керемет сайттан!
http://muslim.kz/kk/articles
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,993Қолданушы