0 дауыс
Аскөкті (укроп, петрушка, селдерейді)  дәндерін калай егеді? Жай  қопсытылған жерге себе салады ма? Және пиязды қалай егетінін де айта кетсеңіздер ! Алдын ала көп рахмет!
08.06.2013 3.6k қаралым

2 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Аскөкке ерекше күтім қажет емес.Тұқымын ексеңіз болды өзі-ақ өсе береді.1-2 күнде суарып тұрсаңыз болды.Мен осыдан 10 күндей бұрын картоп жетпей қалған жерге  жай тұқымын себе салғанмын,бір-ақ рет суардым,сонда да укроп пен петрушка шығып жатыр.Ал көп жылдық болса тіпті жыл сайын өзімен-өзі қаптай береді.Салат жапырағы да солай ерекше күтімді қажет етпейді.
08.06.2013
Олардың көп жылдығы болады ма? Қалай суғарады, үстінен суды құя салса болады ма?
Иа болады.Многолетний деп жазылып тұрады.Бірақ көп жылдығын ексеңіз ол мүлдем қаптап кетеді.Сондықтан 1 жылдығы дұрыс.Ал салат жапырағы 1 жыл ексеңіз болды,оның тұқымы шашылады да келесі жылы сол мағайға тағы өсіп шығады.Ал суарғанда түбі қазылып қалмайтындай етіп,лейка сияқты заттармен суарған дұрыс.
+2 дауыс
Пиязды егу үшін  қопсытылған жерді сабағы шығып тұратындай етіп жер қазады да,пиязды салып қайтадан көміп тастайды.Соған күнделікті су құйып тұрса өзі өсіп шығады.Аскөкті қалай егетінін білмедім,оны да пияз сияқты егетін болар.Бір ескеретін жайт тек босап қалған пияздарды егеді
08.06.2013
Көп рахмет, бірақ маған пияздың дәнін қалай егетіні керек еді. Сұрақты дұрыстап қоймағандықтан осындай жауап алдым. Кейін сіз айтқандай етіп егермін, көп рахмет.

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,993Қолданушы