0 дауыс
2.4k көрілді
Қазақтың музыкалық аспаптарының бірі-Жетіген қалай пайда болды????

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жетіген - ең көне ішекті аспаптардың бірі. Қалай пайда болғандығы жөнінде ғылыми тұжырым жасалған жоқ. Бір кездерде аты тұрмақ да көзден таса, көңілден ада болған бұл аспаптың қайта жаңғырып, өмірге келуіне үлкен күш салып, зор еңбек еткен ғылым Болат Сарыбаев еді. Ол жетігеннің атын да, затын да тауып, оның қазақ музыка аспабы екендігін ғылыми негізде длелдеп берді. Көптеген аңыз-әңгімелерді жинақтап, сан алуан ғылыми деректерді жарыққа шығарды.
Ел аузында манадай аңыз бар.
«Қаһарлы қыстың қақаған аязынан мал қырылып, үлкен жұт болады. Қазақтың ауылы ашаршылыққа ұшырайды. Онымен қоймай, сүзек ауруы тарап, ел ішінде көбейеді. Көпке әйгілі күйші қарттың жеті ұлы бірдей осы ауруға шалдығып, бірінен соң бірі көз жұмады. Қаралы қайғыға душар болған күйші көкірегін кернеген мұң-зарын күйге қосады.
Үлкен ұлының дәм-тұзы таусымғанда «Қарағым», екінші ұлы өмірден қайтқанда «Қанат сынар», үшінші ұлы қайтыс болғанда «Құмарым», төртінші ұлы қаза тапқанда «От сөнер», бесіншісінің жүрегі тоқтағанда «Бақыт көшті», алтыншысының жамбасы жерге тигенде «Күн тұтылды», жетіншісі жер жастағанда «Жеті ұлымнан айрылдым», деп азалы күй шерткен екен».
...