Менің осы сайттан байқағаным ,біздің балалардың ішінде айтпаған сөзді айтты деп бұрмалап, жала жауып,жан- жақты ойланғысы келмейтіндер көптеп кездеседі екен.Мынау,no no деген қолданушы солардың бірі ғой деймін. Бір- екі дін уағыздаған мақаланы оқыған екен,бір жақты дамып келе жатқан дарвинзм теориясының күлін көкке ұшырып жіберді ғой. Қазіргі кезде ғылымда "философиялық дуализм" деген бағыт бар.Осы бағытты ұстанатын ғалымдар өзіне керек мағлұматтарды осы уақытқа дейін қырқысып келе жатқан теологиялық және атеистік болжамдардың бәрін ғылыми түрде түсіндіруді мақсат етеді. Болашақтағы ғылымның дамуы біртіндеп осы бағытқа ауысады яғни дни болжамдар да ғылыми түрде зерттеліп жатыр.Есімде жоқ, бір оқығаным бар, адамның қиялындағының бәрі өмірдегі бар нәсе дегенді. Әжем марқұм айтып отырушы еді Қасиетті құран кәрімде жазылған, уақыты келгенде алла тағала адамның зердесін біртіндеп ашып отырады. Бір жерден ғұлама ғалым шығып, керемет жаңалық ашса, онда ол алла тағаланың адамның зердесін ашқаны деп. Мүмкін, Дарвиннің зердесін жартылай ашқан шығар,әзірше адамзаттың пайдасына осы да жетеді деп.Мүмкін адамның шығуын білу әлі ерте шығар, бірақ уақыты келгенде адамның зердесі ашылып, қайдан пайда болдық оны адамзат біледі деп ойлаймын. Jako мырза, менің мына жазғандарыма бала- шаға түсіне қоймайтын шығар, бірақ сіз үлкен адамсыз ғой түсінесіз деп ойлаймын. Хе,хе бізді кейбіреулер маймыл деп өзін керемет адаммын деп қойыпты ғой Осындағы діндарлар олар бір жақты ойлайтын адамдар және оларға айтарым жоқ ,көп болса "Астафралла !"деп бір жұлқынып алар.